Біле жүріңіз

Ащы бұрыштың пайдасы мен зияны

Дәрумендер – адам ағзасы үшін өте қажетті заттар. Егер ол жетіспесе ағзада ауру түрлері ушыға бастайды. Ащы бұрыштың құрамындағы С дәрумені көктем мен күзде ағза үшін өте пайдалы. Жылдың осы екі мезгілінде ағзадағы вирус пен бактериямен күресуде жақсы көмекші. Сонымен қатар, шлактарды шығарады, әрі қан тамырларының жақтауын нығайтады. В дәрумені болса жүйке жүйесін бекемдеп, көздің көруін жақсартады, әрі шаршауын басады. Ал оның құрамындағы А дәрумені аллергия мазалайтын жандар үшін таптырмас ем. Қызыл бұрыш арқылы адам ағзасы Е дәруменімен толыққанда ол қартаю процесін тежейді.

Қызыл бұрыштың құрамында ерекше капсаицин атты зат бар. Ол жүйке талшықтары дертін емдеуде жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, мамандар артрит, псориаз, невропат ауруларында да бұл заттың тигізер пайдасы бар екендігін айтады. Алайда халық арасында ащы қызыл бұрыш асқазан жарасын тудырады деген уәж бар. Ал соңғы зерттеулер оны жоққа шығарып отыр. Мұнан өзге ащы бұрыштың мынадай ауруларға шипасы бар:

1.Бұрыштың ащылығы көңілді көтереді. Жүрек қантамыр дертінің алдын алады;

2. Зерттеу барысында ұйқысыздыққа көмектесетіні байқалған;

3. Тәбетті ашады;

4. Физикалық және ақыл-ой тұрғысынан жұмыс істеу қабілетін арттырады;

5. Тұмау және респираторлық дерт кезінде шипасы бар;

6. Жөтелгенде, бронхиттің асқынған түрінде ащы қызыл бұрыш жабыстырғышын (перцового пластырь) емге пайдалануға болады. Оны екі жауырынның ортасы, бел омыртқадан жоғары жабыстырады. Мұны жасағанда орны аздап қызаруы мүмкін. Емдік шара кезінде суықтан абай болған жөн;

7. Ішектерге үлкен көлемде бактериялар түседі. Оны жоюдағы қызыл бұрыштың қызметі ерекше;

8. Шаштың өсуіне көмектеседі.

Қызыл бұрышты жиі асқа қосудың да зияны бар. Мәселен, мынадай жағдайларда ащы қызыл бұрышты жеуге тыйым салынады:

1. Асқазанда жарасы бар немесе асқазан, ішек-қарын жолдарына ота жасалғаннан кейін қызыл бұрышты пайдаланбайды;

2. Шектен тыс пайдалану — асқазандағы тамақтың қорытылуын нашарлатады немесе қыжыл пайда болады, адамдардың қатерлі дертпен ауруға бейімділігін арттырады;

3. Қант диабеті мен бауыр ауырғанда да жеуге тыйым салынады;

4. Асқазанда қышқыл жоғары болғанда ащы көкөністі жемейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *