Әлеумет

Әлеуметтік-экономикалық ахуал төмендемейді

Маусым айының соңғы онкүндігінде Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасынан шыққан өрттің салдарынан болған жарылыс бүкіл елдің қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Содан бері еліміздің түкпір-түкпірінен қайырымды және жомарт жандардың арқасында қаржылай және материалдық көмектер беріліп жатыр. Қас қағым сәтте үлкен үрейді бастан өткерген арыстықтарға мемлекет тарапынан да нақты көмектер көрсетіліп, түрлі жеңілдіктер ұсынылуда. Зақым келген ғимараттардың барлығы қалпына келтірілумен қатар әрбір қала тұрығына 100 мың теңге қаржылай көмектің берілуі өткен қиындықты біржолата ұмыттырмаса да жылаған көңілге жұбату бола алатыны талассыз. Мұндай көмек Арыс қаласының тұрғындарына ғана емес, оған жақын орналасқан елді мекен азаматтарына да тиесілі болды. Өйткені, жарылыстан олар да зардап шекті.  

Үкімет бекіткен тізім бойынша өтемақы Арыс қаласы бойынша – 44 994, Ақдала ауыл округі бойынша – 4324, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4232, Дермене ауыл округі бойынша – 2052 адамға төленеді. Осылайша бірінші кезекте 55602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 миллиард теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы үшін Үкімет резерві есебінен 3 миллиард, облыстық бюджеттен 1 миллиард және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде.

Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырыған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер қабылдауда. Айталық, Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккендерге 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы алу бойынша 645 отбасы, 3020 тұрғыннан құжаттар жинақтаған. Бұл туралы секторға жауапты аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков былай дейді: «Аталған төлем қалада 2019 жылдың 1 маусымы бойынша тіркелген тұрғындарға беріледі. Ақшалай көмек алу үшін өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, отбасының бір мүшесіне қаржыны аудару бойынша қолхат, неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік, дербес шот нөмірі қажет»

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары секторда арыстық кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек мәселесін де айтып өтті. Атап айтқанда, облыс әкімінің тапсырмасымен «Қамқор» бағдарламасы іске қосылып, арыстық кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін 1 пайыздық жеңілдетілген кепілсіз несие берілуде екен. Арыс қаласының 8-ші секторындағы кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалынан да өкілдер барып қызмет атқарған. ������������������t

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *