Қоғам

Мұнтаздай таза парк

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде үрдіс алды. Сондай көпшілікті жинаған іс-шара ерекше қорғалатын табиғи аумақтарымен бірге 27 шілде күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде де өткізілді. Оған парк қызметкерлері және еріктілер, соның ішінде Төлеби аудандық, ауылдық әкімшіліктері, БАҚ өкілдері, «Kaspi bank», «Көркем пласт» кәсіпорны, облыстық туризм, альпинизм мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері, жалпы 750-ге жуық еріктілер қатысты. Оның 250 адамы ұлттық парк аумағында, қалған 500-ге жуығы Төлеби ауданындағы Көксәйек, Қасқасу ауылдық окгуртерінің паркпен шекаралас күзет аймағындағы жолдар мен нысандардың айналасын қоқыс-қалдықтардан тазалады.

Атқарылған іс-шара бойыншаСайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің бас директоры Сахит Қынтаевты әңгімеге тартқанымызда ол кісі былай деді: – Бүгін өздеріңіз куә болғандай, елімізде жаппай қолдауға ие болған акция бізде де көрініс берді. Бұл Үкімет басшысының тапсырмасымен қолға алынған игі бастама. Мұны біз ғана емес, бүкіл ел қолдауда. Соның айғағы ретінде ұлттық парк аумағына 800-дей адам ат ізін салып, айналаны қоқыстан тазалағанын айтуға болады.

Бүгін Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі сенбілікті өзіміздің комитеттің нұсқауымен Сайрам шатқалында өткізіп жатыр. Себебі шатқал туристердің, демалушылардың ең көп келетін жері. Біз басында сенбілікке ең көбі 200-дей адам жиналатын шығар деп ойлағанбыз. Ал енді нәтижесін өздеріңіз де көріп отырсыздар.

Тазалық жұмыстарының жүргізілуі бірінші рет емес. Қызметкерлер мұндай игі істі аптасына екі рет өткізіп тұрады. Соның арқасында бізде тазалық жоғары деңгейде деп айта аламын. Іс шара барысында ұлттық табиғи парктің Төлеби филиалы Сайрамсу, Сарыайғыр шатқалдарында өзен, жол бойлары және сегіз демалыс алаңқайлары, екі кардон демалыс үйлері, өткізу – бақылау бекетінің төңірегі тазаланды. Ұлттық парк аумағынан Газ-53 жүк көлігімен төрт тонна қалдық, Төлеби аудандық, ауылдық әкімшілігі тазалаған Көксәйек және Қасқасу ауыл округі жерлерінен Газ-53 жүк көлігімен сегіз тонна қоқыс жиналып, тиісті орындарға жеткізілді. Жалпы, іс шараның қорытындысында отыз шақырым жер тазаланып, объектілерде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл акцияның қоршаған ортаның жақсара түсуіне қосар үлесі мол».

 Аталған акция барысында өзіміз де қолымызға қара целлофан қалта алып, қоқыс тазаладық. Бір таңқаларлығы, өзге жерлердегі демалыс орындарына барғанда әр тұста домалап жататын бөтелкелер мен баклашкаларды, қағаздарды мұнда кездестіре алмадық. Қалтарыстардан іздеп жүріп тапқанымыз болмаса негізі Ұлттық парктің  іші таза екеніне көз жеткіздік. Ал демалушылар, саяхатшылар жиі келетін мұндай жерде тазалықтың жоғары деңгейде болуы, әрине, бірінші басшы Сахит Қынтаевтың іскерлігіне тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *