Біле жүріңіз

Шымкентте «плюсті бағдаршам» жұмыс істеуде

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесіне ие болғалы жағымды жаңалықтар көбейіп жатыр. Құрылыстың кең көлемде қарқын алуын атамағанда, қала өміріне еніп жатқан өзгерістерді санар болсаң бүгілмеген саусақ қалмайды.

Сондай жаңалықтардың бірі ретінде Шымкентте бірінші рет «плюсті бағдаршамның» жұмыс істей бастағанын айтсақ болады. Мұндай жаңаша бағдаршам әзірге қаланың Қ.Рысқұлбеков – Ғ.Иляев және Тәуке хан – Сайрам көшелерінің қиылысына қойылды. Ол жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында орнатылыпты. Мамандардың түсіндіруінше, егер аталған бағдаршамда «қызыл плюс» белгісі жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. Егер «қызыл плюс» жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы келе жатқан көлік өткеннен кейін жол ашылар болса қимылын жалғастыра беруіне болады. Бұл көлік кептелісінің алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *