Әлеумет Қоғам

Ескі көпір жөнделіп, жаңасы пайдалануға берілмек

12-тамыз күні Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамытуға байланысты берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қала іргесінде орналасқан Базарқақпа, Қарабастау тұрғын алабы мен «Көксай-2» және «Көксай-3» шағынаудандарын аралап, тұрғындармен кездесті.

Жұмыс сапары кезінде қала басшысына Түркістан облысының Сайрам және Төлеби аудандарынан Еңбекші ауданына қосылған 16 елдімекеннің инфрақұрылым мәселесі бойынша аудан әкімі Ғалымжан Ильясов баяндады.
Мұнан кейін Ерлан Қуанышұлы ауыл билерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, қордаланған мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады. Атап айтқанда, аудандағы істен шыққан кәріз жүйесі, «Сайрам су» өзенінен өтетін ескі көпірге күрделі жөндеу жүргізу, «Бадам» өзенінің үстімен өтетін жаңа көпірдің құрылысы, жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру мен әлеуметтік нысандардың қажеттілігі сынды проблемалар көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы электр қуаты мен ауыз су және газ мәселесі де мазалайды екен.

Қала басшысы жұмыс уақытысының аяқталғанына қарамастан қараңғы түсе Қарабастау ауылына барды. «Бадам» өзенінде салынып жатқан жаңа көпірдің үстінде ауыл тұрғындары әкімді жылы қабылдап, ашық-жарқын әңгіме болды. Қарабастау ауылының биі Кеңес Сейтаев тұрғындар атынан орталық көшені жарықтандыру, мұнай өңдеу зауытынан шығатын зиянды қалдықтардың мөлшерін анықтайтын есептегіш құрал орнату, жаңа көпірдің бір жағын 1 қыркүйекке дейін ашып беруді және шеткі ауылдың балаларын мектепке тасымалдау үшін автобус қажеттігін айтты. Ұсыныстардың барлығын тыңдаған Ерлан Қуанышұлы тұрғындарға ыңғайсыздық туындатпас үшін көпірді айтылған уақытта ашқызып, оқушылар үшін автобус қарастыруға келісті. Өзге де өзекті мәселелерді жазып алып, орындалуына жауапты мамандарға тапсырды. Ауыл тұрғыны Ұ.Райымбек жарық сапасының төмендігін айтқанда үшінші мегаполис басшысы ол мәселенің де шешімін табатынын айтып, тұрғындарды қуантты.

 Шаһар басшысы осы кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен мәселелердің рет-ретімен шешілетінін алға тарта келе былай деді: «Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елдімекен бар. Олардың көбінде әлі күнге дейін ауыз су, жарық, көгілдір отын мен қатынас үшін көше жолдары жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының съезінде Үкіметке ауылдық жерлерге тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажеттігін тапсырған болатын. Осы жұмыстардың барлығын мегаполиске қосылған ауылдарда да жүргізуіміз қажет. Көп жылдардан бері қордаланып келе жатқан коммуналдық мәселелерді рет-ретімен шешетін боламыз».

Қала басшысы Еңбекші ауданының әкімі мен сала басшыларына елдімекендердің инфрақұрылым дамыту бойынша іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырды. Жаңа әкімнің бұлайша ел аралап, мәселені жергілікті тұрғындармен бірге талқылап, халықпен тікелей байланысқа түсуі оған деген сенімді арттыра түсті деп айтуға болады. 234756Z0!�����憹s�t�� 18031018004

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *