Әлеумет Біле жүріңіз

Highvill компаниясы тұрғын үйлер салады

Жобадағы жоспарлар толығымен іске асар болса, Шымкент қаласының солтүстік бөлігіне орын тепкен «Shymkent City» қалашығының болашағы да, маңызы да зор болғалы тұр. Бұйыртса, 12 орамнан тұратын шағынауданда бизнес, ойын-сауық орталықтары мен сауда орындары, гүлзарлар мен демалыс аймақтары, емхана халыққа қызмет ететін болады. Үшінші мегаполистің алғашқы әкімі негізін қалаған бұл бастаманың жүзеге асып, ғұмырлы болуына шаһардың қазіргі басшысы Ерлан Айтахановтың да мүдделі екенін аңғару қиын емес. Қала әкімі Ерлан Қуанышұлының апта басында әлемге танымал оңтүстіккореялық беделді Highvill компаниясының басшыларымен емен-жарқын кездесуі осы ойымызға жан бітіргендей болды.

         Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясы «Shymkent City» аумағында тұрғын үй салуды жоспарлаған. Компания өкілдері қала басшысымен кездесу барысында өздерінің Шымкентке озық тәжірибе енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарайтынын айтса, қала басшысы құрылыс жүргізуде ешқандай кедергінің болмайтынын, алаңсыз жұмыс жүргізуге жағдай жасалатынын жеткізді. Тұрғын үй сапасына айрықша көңіл бөлу керектігін ескертті. Сонымен қатар, қос тарап құрылысқа қатысты жоспарларын талқылап, кездесіп жатқан кейбір мәселелердің түйінін тарқатуды ойластырды. Жалпы алғанда, қала басшысы инвестор компания басшылығының бастамаларын қолдайтынын білдірді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *