Әлеумет Біле жүріңіз

Түлкібас. Туризм. Инвестиция.

 Түркістан облысы еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы аймақтың бірі саналады. Бір жылдың тоғыз айында көкте күні күлімдеп тұратын күнгей өңірде қонақтарды жыл он екі ай күтіп алуға барлық жағдай жасалынған. Бұл салада, әрине, табиғаты тамаша Түлкібас ауданының аты алғашқылардың қатарында аталады. Ресми мәліметке жүгінер болсақ, Нұрбол Тұрашбеков басқаратын бұл ауданға жыл басынан бері 6062 турист табан тіреген болса, соның 473-і шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр. Ал туризм саласының алға басуы – ел экономикасының гүлденуіне тікелей септігін тигізетіні түсінікті.  

Туристер қатарын барынша арттыру үшін туризмнің сан салаларын дамыту аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда аудан аумағында «Карима» және «Ережеп Ата» қонақ үйлері, «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» мен «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита» деп аталатын жеті балалар сауықтыру лагерлері жұмыс істеуде. Сонымен қатар демалушыларға жан-жақты жағдай жасалған 18 демалыс аймақтары қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. 

Ауданда туризмді дамыту жұмыстары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қолда барды тиімді пайдаланып, әрі қарай ілгерілеу жұмыстары қолға алынып жатыр. Аудан басшылығының ұйымдастыруымен «Гүлдер», «Водник» балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Елбасы талай жиындарда әкімдердің жұмысын өңірге инвестиция тарту көрсеткішімен бағалау керек екенін айтқан болатын. Түлкібастықтардың бұл мәселеде де алда келе жатқанын байқауға болады. Аудан аумағында бүгінде туризм саласын дамытуға бағытталған бірнеше инвестициялық жобалар жасалған. Олардың іске қосылуы осы жылдың еншісіне жоспарланып отыр. Міне, осы нысандардың барлығы іске қосылған жағдайда ауданға келер туристер саны еселеп артатын болады. u�1�8�w���q�ϻ��

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *