Әлеумет

Түркістанда қоныс тойы толастамайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі өзінің халыққа арнаған алғашқы Жолдауында көп балалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды алдағы үш жылда баспанамен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Үш кезеңге бөлініп атқарылатын бағдарламаның қалай жүзеге асатыны туралы да нақты айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасы Түркістан облысында қазірден бастап жүзеге аса бастағанын байқауға болады. Бұлай деп сенімді түрде айтуымызға осы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша облыста көлемі 231 мың шаршы метрді құрайтын 3413 пәтерлі 64 тұрғын үй құрылысының жүргізіліп жатқаны себеп болды. Бұйыртса, жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бұл туралы Президент Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен өткен жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдату керектігіне басымдық берді.  

Жалпы, 2019 жылы қаңтар мен шілде айының қорытындысымен Түркістан облысында барлығы 2950 пәтер тапсырылған. Оның ішінде 136 пәтер қызметтік тұрғын үй болса, 840 пәтер арендалық тұрғын үй. Олар республиалық бюджет есебінен тұрғызылды. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 41 пәтерлі арендалық және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 1933 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *