Әлеумет

Ауылдардың ажары ашыла түседі

Бүгінгі Түркістанды бұдан бірнеше жыл бұрынғы Түркістанмен салыстыруға келмейді. Қала облыс орталығына айналғалы екінші тынысы ашылғандай ажарланып келеді. Облыс Шымкентпен ірге бөліскенімен, бұл оқиға көрсеткіштің кейін тартуына себеп бола алмады. Керісінше алға қадам басу бар. Ауылшаруашылық саласы республиканың донарына айналса, экономикасы да қарыштап дамып келеді. Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындаудан да аймақ көш бастап келеді. Бұл турасында Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында мынадай мәліметтер келтіріледі: «Түркістан облысында «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.

«Ауыл ел – бесігі» жобасы облыста қарқынды жүзеге асуда. Биыл Түркістан облысында жеті елдімекеннің мәселесін шешуге төрт миллиард теңге бағытталды. Нәтижесінде 112,8 шақырым жол төселіп, жеті білім, бір спорт және бес мәдениет нысандары жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ, жоба аясында 2020 жылға он бес елді мекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 миллиард теңге бағыттау жоспарлануда», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Облыс басшысы жиында бұдан өзге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында биыл 1729 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақыға жалпы 307 миллионнан астам теңге бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, жоба бойынша тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредиттер беруге 3,8 миллиард теңге жоспарланып, нәтижесінде 356 маман баспаналы болмақ.

Сондай-ақ, облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 2613 пәтер пайдалануға беріледі.  Ал мұның облыс тұрғындарының баспана мәселесін шешуге тигізер пайдасы орасан болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *