Қоғам

Әлеуметтік тауарлар қымбаттамауы тиіс

Шыбық шаншысаң шынар болып өсетін оңтүстік өңірінің халқы да жер емген еңбекқор келеді. Соның арқасында құт мекен саналған Түркістан облысы ел халқын азық-түлікпен, ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін донор қызметін атқарады. Оған сонау солтүстік облыстар мен ел жүрегі – Нұр-Сұлтанда ұдайы жәрмеңке ұйымдастырып тұруы дәлел бола алады. Түркістандық ауылшаруашылығы өнімдері қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктердің де сұранысын қанағаттандыруда. Аймақ басшыларының қолда бар осындай мүмкіндікті тиімді пайдалануының арқасында баға тұрақтылығы сақталып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Бағаны тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін комиссия бағаны тұрақтандыру және тауарлардың қосымша көлемін сатып алу жөніндегі шараларды жетілдіру мәселелерін қарастырды. Комиссияның кешегі өткен кезекті отырысында жеке сауда орындарындағы бағаның төмендеуіне әсер ету мақсатында тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылданды. Осы шешімнің аясында Тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу кестесін ұсынды. Мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік павильондарда сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 12 түрі сатып алынады.

Әлеуметтік павильондарда ұсынылатын өнімдер тізіміне рожки, күріш, май, ет және тұз секілді жаңа өнімдер қосылды. Сондай-ақ, комиссия әлеуметтік маңызы бар тауарларды халықтың көп бөлігі азық-түлік сатып алатын негізгі орын болып саналатын Түркістанның негізгі базарларында тікелей жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Отырыс барысында аймақ басшысының орынбасары комиссия мүшелерінің арасынан кәсіпкерлерге бағаны тұрақтандыру үшін ашықтық пен сындарлы жұмыстың қажеттілігі туралы үндеді. Сонымен қатар, Мейржан Иябайұлы барлық 14 әлеуметтік павильонды аралау қорытындысы анықтағандай, олардың тек сегізі жұмыс істеп жатқандығын айтты. Осы орайда қала әкімдігіне Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацисымен бірлесіп, жабық әлеуметтік дүкендердің орнын өзгерту және оларды іске қосуға дайындауды, сондай-ақ, бір апта ішінде барлық дүкендерде онлайн-кассалық машиналар орнатуды тапсырды.

 Тағы бір өткір мәселе – тұрғындардың осы павильондардың орналасқан жері туралы хабардар еместігі атап өтілді. Ал талап бойынша ондай әлеуметтік маңызы бар өнімдер әрдайым халыққа қолжетімді болуы керек. Сауда нүктелерін пайдалану үшін комиссиялық агенттерге павильондарды өз қаражаты есебінен электр желісіне қосып, эстакадалар, павильондардың белгісі орнатылуда. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *