Әлеумет Қоғам

8 айда 41 қылмыс…

Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен қырық бір қылмыс тіркелген. Оның ішінде отыз бірі сыбайлас жемқорлық фактілері. Анықталған жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін парақорлық пен жымқыру құрайды.

Салалар бойынша айтар болсақ, құқық қорғау органдарында он, ауыл шаруашылығы саласында үш, жер қатынастарында үш, білім беру мен денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында біреуден қылмыс анықталған. Өндірісте болған 144 қылмыстық істің 119-ы тергеумен аяқталып, 45-і сотқа жолданған. Жалпы алғанда жыл басынан сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін отыз үш тұлға, оның ішінде біреуі республикалық, үшеуі облыстық, екеуі аудандық деңгейдегі басшылар ұсталыпты. Солардан жиырма үші сотталған.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей Департаментке немесе Call-орталықтың 1424 бірыңғай нөмірі арқылы хабарлауда. Ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда олар ақшалай сыйақымен мадақталады. Бүгінгі күні 1 миллион 153 мың теңге сомасына жеті адам мадақталып, олардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жолы кесілген.

Қазіргі уақытта Агенттікпен сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Бұл жұмыстың басты бағыты ретінде превенция, яғни сыбайлас жемқорлықты алдын алу болып табылады. Осы жұмыстың драйвері ретінде «Адалдық алаңы» «Protecting business and investments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау), «Сапалы жол», «Адал ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Адал жол» және «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобалары белгіленген. Бұл жобалардың басты мақсаты — әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *