Біле жүріңіз

1 қазаннан бастап қандай өзгеріс күтіп тұр?

Қазақстанда қазан айынан бастап түрлі өзгерістер болады. Күздің екінші айында ІІМ қызметкерлері аттестациядан өтіп, жаңа мереке пайда болады деп хабарлайдыSputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

 ІІМ қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясы

Қазақстанда осы жылдың 1 қазанынан келесі жылдың 31 наурызына дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясын өткізу жоспарлануда. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялау туралы» жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

 

 Электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді

1 қазаннан бастап елде электр энергиясында жаңа шекті тарифтер жүзеге асады. Бұл жаңа енгізуді Қазақстан Энергетика министрлігі қабылдады.

 

       Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа код алуы мүмкін

Күздің екінші айы бастала салысымен Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында өзгеріс болуы мүмкін. Әуежай жаңа үш нөмірлі жаңа код алуы ықтимал.

Аталған сұраққа байланысты қорытынды шешім айдың ортасында жолаушылар стандарты конференциясы уақытында белгілі болады. Ол 14 қазан күні Варшава қаласында өтеді деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта әуежайға TSE коды бекітілген. Ол енді NKZ, QAZ, NNZ, NZR, NRZ немесе NNV болып өзгертілуі мүмкін.

 

      Онлайн-БКМ-ға өту

Қазан айында 633 қызмет түрінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданудың, яғни онлайн-режимге ауыстырудың соңғы кезеңі басталады.

 

  Жаңа мереке — Нан күні

Қазаннан бастап елімізде Нан мерекесі пайда болады. Оны қазақстандықтар 16 қазан күні тойлай алады. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1945 жылы осы күні БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы құрылды, ол ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту мәселелерін шешуге бағытталды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *