Әлеумет Қоғам

«Инватакси» іске қосылды

Осы жылдың мамыр айынан бастап ауданымызда мүмкiндiгi шектеулi жардарды тасымалдауға “Инватакси” қызметi көрсетiле бастады. «Кедергiсiз орта» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арқылы №33 келiсiмшарты түзiлiп, қазiргi таңда мемлекеттiк нөмiрлерi 278 ҒТВ13, 620 МWB13 Hyundai Starex маркалы екі көлiк 136 мүмкiндiгi шектеулi мүгедектерге қызмет көрсетуде. Оның iшiнде күндiзгi қатынау бөлiмiне 42, ДЦП диагнозымен тiркелген 22 бүлдiршiн, есiту қабiлетi нашар 18, көру қабiлетi нашар 26, қоларбамен жүретiн 24 мүмкiндiгi шектеулi жандар бар.

         – «Инватаксидiң» қызметiн пайдалану үшiн мүмкiндiгi шектеулi азамат немесе азаматша аудандық емханадан тиiстi дәрiгерден инватаксидiң қажеттiлiгi жөнiнде анықтама алып, оны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне тапсырады. Одан кейiн бiз жинақталған құжаттарды «Кедергiсiз орта» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне қызмет көрсетуге жолдаймыз. Олардың диспетчерлерi мүмкiндiгi шектеулi жанның сұранысына орай тиiстi таксидi жiбередi. Көрсетiлген тегiн қызмет туралы бiзге мәлiмет берiп отырады. «Инватакси» қызметiн мүгедектер тек мақсатты жағдайларда ғана дәрiханаға, ауруханаға, сол сияқты дүкендерге, оқу орындарына, жұмысқа, мекемелерге жұмыс күндерi пайдалануға болады, – дейдi бөлiм әдiскерi Гүлнар Бабамұратова.

          Осы орайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы бiрқатар жұмыстар жүргiзiлiп жатқандығын да айта кеткiмiз келедi. Нақтырақ айтар болсақ, ВИЧ инфекциясына шалдыққан екі баланың ата-анасына жергiлiктi бюджеттен 663,6 мың теңге қаржы қаралса, үйде тәрбиеленiп оқытылатын 83 бүлдiршiнге 11426,9 мың теңге жәрдемақы төленген. Мұнан да басқа I, II және III топтағы 3233 мүмкiндiгi шектеулi жанның 213-іне емдiк-сауықтыру орындарына жолдамалар берiлген.

        

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *