Біле жүріңіз

Балғынбек Имаш Жүрсін Ерманды сотқа бермек пе?

         Иә, ақын, айтыстың жанашыры Жүрсін Ерман айтпақшы, «қоғам қандай болса ақындар да сондай». Олар да ет пен сүйектен жаралған Алланың бір пендесі. Олардың арасында да кейде келіспеушілік болып, соңыра татуласып жатады. Жуырда Жүрсін Ерман мырза «Азаттық рухы» сайтына берген сұхбатында өзін Балғынбектің сотқа беретінін айтқанын мәлімдеді. Түсінікті болу үшін осы сұхбатта сөз болған әңгімеден үзінді келтіргенді жөн көрдік.  

«…Балғынбек маған ренжіп, сені сотқа беремін деген әңгіме айтты. Мен дін жолына кеткен жоқпын деп. Өздері қайтып келіп кешірім сұрады халықтың алдында. Менің кітабымның тұсаукесері болғанда «біз мына екі қолымызды көтеріп келіп тұрмыз», Балғынбек, Жандарбек, Сырым деген ақындар келіп, «міне, енді қайтадан топқа алыңыз» деді. Мен соны солай хабарладым да. «Мінекей, енді үйірін қайта тапқанның айыбы жоқ» деп. Сөйтсем, Балғынбек «мені дінге кетіп қалды» деп жала жауып отырсың, сотқа беремін» деді. Мен күтіп жүрмін, бірақ, мені сотқа шақырған ешкім жоқ. Өйткені, ол не деп сотқа береді, ол ақиқат, халықтың көзі көріп отыр. Сосын біз олармен жұмыс жасадық, сөйлестік. Қазір олар қайтып келіп жатыр. Жандарбек Бұлғақов қайтып келіп, Қарағандыдағы айтыста бас жүлдеге еге болды. Бүгін Сырым Әуесханов шықты деп отырмыз. Балғынбек Имашевқа да менің шақыруым аз болып жатқан жоқ. Балғынбек шақыртуыма келмей жүр. Оның себебін білмеймін. Мүмкін бөлек жүрген пайдалылау шығар, экономикалық жағынан пайдалы болуы мүмкін. Қаржылық жағынан тиімді болуы мүмкін. Бірақ, түсінбеймін. Мен оларға айтамын «әй, мынау өзіңнің қатарыңның, құрбы-құрдастарыңның ортасында, алақанға салып отырған халықтың алдында ойнақтап жүрмейсің бе, елдің алдында өнеріңді көрсетпейсің бе? Құдайдың берген нығметі ғой бұл, ақынға берген сый – талант деген, соны құрметтеу керек қой» деп «азғырып» жұмыс істеймін. Оған көнетіні бар, көнбейтіні бар. Бірақ, қазір сол бөлек жүрген бір-екі ғана ақын, болмаса негізгі ақындардың барлығы бір арбаның телтесіне жегілген, бәрі осы өнердің қызметшілері. Біреуді бөлектеп, басқа өріске айдап жіберу деген пиғыл жоқ…», — деп ағынан жарылыпты Жүрсін Ерман мырза.

Шынында да елдің қошеметіне бөленген айтыскер ақындардың бірге жүріп, халыққа арнаған өнерін бірге көрсеткенін ел де күтіп жүргені анық. Ендеше, ақындар өнерсүйер қауымның қалауына құлақ түрер болса, барлығы да бір сахнаның төрінде отырғанға не жетсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *