Біле жүріңіз

Мас күйде мәшине айдасаңыз…

Қатаң жазаға тартылуыңыз мүмкін

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында осылай деп жазды.

Әрине, мас күйінде рөлге отырғандарға аяушылық болмауы тиіс. Өйткені, ол өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін. Ал егер ішімдік ішіп, рөлге отырдыңыз ба, онда мемлекеттік қызметкер немесе медиа тұлға екеніңізге қарамастан қатаң шара көрілетін болады.

Сондай-ақ, өзгенің маңдай терімен баққан малына жиендік жасағандарға да жазаның күшйтілуі, әсіресе, ауыл адамдары үшін жағымды жаңалық болатыны сөзсіз.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *