Әлеумет

Тұлпарлар туылып, сұңқарлар қонған…

Құт дарыған мекенде құтты қадамдар көп

Өткен аптаның сәрсенбі күні Түлкібас ауданында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен пресс тур ұйымдастырылды. Жиын барысында ре      Құт дарыған мекенде құтты қадамдар көп

спублика, облыс, қала журналистері аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен танысты. Елбасы Н. Назарбаев «ауылды көркейту ел экономикасын дамытудағы басты сала», — деп атап, ауылды гүлдендіріп, оның дамуына үлес қосу — басты міндет екенін айтқан болатын. Бүгінде түлкібастық тұрғындар осы бағытты айқын ұстанып, ауданға қарасты ауылдарды жаппай абаттандырып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ахуалды көтеруге жіті көңіл бөлуде. Ондағы тындырымды тірліктер атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін көрсетеді.    

    Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылдық округінде облыс пен республикалық жолдың арасын біріктіріп жатқан — Батыс Еуропа-Батыс Қытай автокөлік дәлізінің есебінен салынған көпір бар. Тарихы сонау 1960 жылдардан басталған көпір бүгінде қайта жаңғырып, жаңа қалыпқа түскен. Құрылыс жұмыстарын әзірбайжандық мердігер мекеме — «Эвроскон» компаниясы іске асырған жобаның сметалық құны 293 миллион теңгені құрайды. Көпірдің жалпы ұзындығы 54, ені 10 метр. Көпір астына газ құбырын өткізетін 4 құбыр жүргізіліп, 980 метр жол асфальтталған.

Жаскешу ауылдық округінде мәдениет саласында тиімді жұмыстар атқарылуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ елді мекенінде «Жанұзақ ауылдық клубы» бой көтерген. 100 орынға лайықталып салынған мәдени нысанның жобалық құны 42 миллион теңгені құрайды. Бұдан бөлек, ауданға қарасты шалғай жатқан Алғабас, Елтай, Рысқұл ауылдарының мәдениет үйлері де жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілген. Мәдени нысандардың еңсе тіктеп, жаңа қалыпқа келуі — жастардың рухани азық алуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

         Жаскешу ауылымен іргелесе жатқан Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Қабанбай ауылында атаулы әлеуметтік көмек жүйесі арқылы кәсібін ашып отырған отбасы аз емес. Халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті Сәуле Қадырбекқызының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген тұрғындар саны 200-ден асып, оның 166-сының өтініші қанағаттандырылған. Олардың қатарында Таштемировалар әулеті де бар. Құс шаруашылығын қолға алған отбасының бүгінде 200 қаз, 70 тауығы бар. Жеке кәсіп иесі Гүлнара Таштемированы бұл кәсіппен 25 жылдан бері айналысып келе жатқан енесі Сүмбіл Таштемирова бағыттаған екен.

— Атаулы әлеуметтік қолдауды сәуір айынан бастап алып жатырмын. Жалпы 380 мың теңге көлемінде ақшалай жәрдем алдым. Сол қаржының бәрін осы кәсіпке жұмсадым. Бастапқыда 150 қаз алған болатынмын. Бүгінде оның үстінен тағы 50 қаз қостым. Құстарды Уфадан арнайы тапсырыспен алдырттық. Олар ветеринар дайындаған арнайы жеммен қоректенеді», — дейді жеке кәсіпкер.

         Бес ұл-қыз тәрбиелеп отырған кәсіпкер ана алдағы уақытта құс санын тағы көбейтіп, етін өткізіп, қауырсынынан жастық жасасам деп жоспарлап отыр.

    Қай саланы болсын қамтып, ілкімді істерімен ерекшеленіп келе жатқан Түлкібас ауданының білім саласында да жағымды жаңалықтар жетерлік. Т.Рысқұлов ауылдық округі, Алғабас ауылында 600 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтерген. Заманауи үлгіде салынған, 356 оқушысы бар  «Түркібасы жалпы орта мектебінің» жобалық құны 1 миллиард 216 миллион 923 мың теңгені құрайды. Соңғы модентификациядағы физика, химия, биология, информатика кабинеттері білім алушыларға сапалы қызмет көрсетуде. «XXI ғасыр – компьютерлік сауаттылықты дамыту ғасыры», — деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, мектеп іші жаңа технологиялармен жабдықталып, білім алушыларды компьютерлік сауаттылыққа барынша бейімдеу қарастырылған. Көлемі 625 шаршы метрді құрайтын спорт залы оқушылардың қалаған спорт түрімен айналысуына мүмкіндік жасап отыр. Қазіргі таңда Түлкібас ауданында жалпы саны алпыс мектеп бар болса, оның қырық бесі жалпы орта, 5-і негізгі, 9-ы бастауыш және біреуі үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. Оларда 22 138 оқушы білім алуда.   

         Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен білім, шаруашылық салаларында атқарылып жатқан ілкімді істер жетерлік. Тұлпарлар туылып, сұңқарлар қонған құт мекен руханият пен мәдениет біте қайнасқан ортаға айналуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *