Мәселе

«Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!»

        Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы  ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал […]

Uncategorized

Дәмді балмұздақ жегіңіз келсе…

Үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметі қыза түсті. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып-ақ тұрамыз. Дегенмен, құйылмалы балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, уланып қалуыңыз әбден мүмкін. Құйылмалы балмұздақ фризерден   шыға салып дайын болады. Оның консистенциясы  нәзік,  крем тәрізді. Осындай  жұмсақ және дәмділігіне байланысты бұл […]

Қоғам Шымкент

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында өскелең ұрпақ тәрбиесі жайлы көптің көкейіндегі толғанысты ойды ортаға салды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға бағыт-бағдар беру, жол нұсқап, еліміздің мақтаныш етер тұлғасы болуға негіз қалау — қоғам белсенділерінің, аға буын ұрпақтың негізгі міндеті болуға тиіс-ті. Жақында Шымкентте болған Президент Әкімшілігі Басшысының […]

Әлеумет

Біз көрсететін мемлекеттік қызметтер нәтижелі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету саласына үлкен өзгерістер енгізілді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Осы әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер негізінде қазіргі таңда Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармаларымен төмендегі  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: — эпидемиялық мәні […]

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей […]

Шымкент

Оқушылар үйі – тәрбие жұмыстарын арттырады

Кеше ғана Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты қадау-қадау мәселелерді айтып, қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді болдырмау үшін қазірден бастап бала тәрбиесіне жіті мән беру керектігін айтты. «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде бұл оңай шаруа емес. Ашығын айтсақ, қазір […]

Шымкент

Іскер қала

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде  орындағанын қалайды» деп нақтылап айтты. Бұл орайда Шымкент қаласында тың серпін әкелген нәтижелі […]

Қоғам Құқық

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ

Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу өркениетті елдердің барлығында өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл әлеуметтік құбылысты болдырмау мен оның алдын алу Қазақстан үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қадамдарын жасағанда қандай жаза алатындары жайлы тайға таңба басқандай етіп […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Дәрігер Д.Сексенбаев жайлы сыр

Маусым айының үшінші жексенбісі елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып тойланып келеді. Осынау кәсіби мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласына өте үлкен үлес қосқан дәрігер, ұлағатты ұстаз, ғалым, ел ағасы, облыстың құрметті азаматы Дерібсалы Сексенбайұлы Сексенбаев туралы сөз қозғағанды жөн санап отырмын. Өңірдегі 150 жылдан астам тарихы бар, жалғыз облыстық аурухананың Кеңес […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Ақсукенттің ажары ашыла ма?

Кешегі аптада Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ендігі жерде ауданды Арман Сәбитов басқаратынын айтып, аудан халқына жаңа әкімді таныстырған облыс басшысы Дархан Сатыбалды ауданда қордаланған бірқатар мәселелерді де атап айтып, келеңсіздіктерді жойып, тәртіп орнатуды тапсырды. Тапсырманы орындауға бірден кіріскені болар жаңа әкім сенбі күні аудан аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырды. Әсіресе, аудан орталығы Ақсукенттің жүдеу көркіне […]