Шымкент

АЛАҢША АРТЫП КЕЛЕДІ 

Мегаполистің Абай ауданына қарасты Алдоңғаров шаруашылығында 200 ірі қара мал мен 50 жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызға жуығы аяқталған. Кешегі аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кәсіпкерге ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірген қала басшысы алдағы уақытта бордақылау […]

Құқық

Мемлекеттен субсидия алып беремін…

Шымкентте көкөніс сатып күнөлтіп жүрген азамат таныстарын дәл осылай алдаған. «Мемлекеттен субсидия алып беремін» деп талайды сазға отырғызған оны полиция құрықтады. Шымкент қаласының полиция департаментіне арызданған әйел алаяқтын құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің айғақтарына сүйенген полицияның мәлімдеуінше алаяқ өз таныстары арқылы мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмектесетініне сендірген. Бизнес идеяларын жүзеге асыруға қаражат ұтып алу үшін арызданушы […]

Қоғам

Қаратау мектебі кино түсіріп жүр…

Иә, ашылғанына көп бола қоймаған Қаратау дәстүрлі өнер мектебі енді ата-аналар мен балаларға ой саларлық кино түсіру ісін де қолға алып отыр. Нәтижесі жаман емес. Алғашқы кинотуынды ютуб каналда ғана көрсетілсе, екінші фильм көрерменге кинотеатрда ұсынылды. Өнер мектебінің жанынан құрылған «Qaratau films» балалар киностудиясының ашылғанына төрт-ақ ай болған. Ал студияның көпшілікке ұсынған «Нағыз жеңімпаз» атты […]

Әлеумет

Туберкулез әлемде ең көп таралған ауру

Біздің медицина алдын алу, науқастарды ерте анықтау және тиімді емдеу құралдарымен қаруланған. Егер туберкулезге тән белгілер пайда болса және уақтылы емделсе, туберкулезді жұқтырудан және оның асқынуларынан аулақ болуға болады. Инфекцияның негізгі көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол сыртқы ортаға жөтелгенде және түшкіргенде қақырықпен бірге туберкулез таяқшаларын шығарады. Ауырған кезде 2 аптадан астам жөтел, […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкентте мәселе шешу оңай

Себебі тұрғындар көкейтесті сұрағын 109 бірыңғай нөміріне хабарлап айтуды әдетке айналдырған. Сенімдісі осы. Ал бұл нөмір – Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығына тиесілі. Қабылданған барлық арыз-шағым, өтініш, талап-тілектер тиісті сала мамандарына дер кезінде жеткізіліп, мәселенің оңтайлы шешілуіне негіз болуда. Жалпы бұл қызмет түрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» […]

Қоғам Шымкент

Жаңа жобалар жүзеге асатын күн алыс емес

Шымкентте 524,7 миллиард теңгеге 143 жобаның тиімділігі зерделеніп, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобалар да жетерлік. Мысалы, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған сусындар зауыты да бар. Бұл түркиялық инвесторлардың бастамасымен жүзеге асатын кәсіпорын. Ал инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау, темірбетон бұйымдарын өндіру, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы […]

Мәселе

Мектепке кім директор бола алады?

«Мектеп директорын тағайындауда жаңа тәртіп орнап жатыр екен» деген сөз соңғы 2-3 аптада мұғалімдер арасында желдей ескені рас. Оған негіз болған мәселе, еліміздің Оқу-ағарту министрлігі жариялаған талаптар. Бұл әлі бекітілмеген құжат. Әзірге көпшіліктің талқысына салып отыр. Десе де… Редакциямызға хабарласып, «тәртіп өзгеріп жатыр екен ғой, рас па?» деп сұраушылар көбейе түсті. Осының өзі-ақ, «болыс болуға […]

Әлеумет Шымкент

Су тапшылығын болдырмау үшін

«Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын жадымызда ұстану қажет болып тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанын айта келе, халыққа арнаған Жолдауында ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған түйткілді мәселеде су көздерін қорғау, оны пайдалануда бей-берекетсіздікке жол бермеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы «Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың […]

Әлеумет

Балық аларда мұқият болыңыз

Балық және балық өнімдерін ішкі сауда объектерілерінде орналастыруда олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына, ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін және бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық ілеспе жолдама құжаттама) болуын қамтамасыз ету қажет. Балық және балық өнімдерін өткізу адамның денсаулығы мен өміріне арналған өнімдердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін […]

Шымкент

Құлпынайдың дәмдісі Шымкентте өседі

Шымшаһарда соңғы жылдары жылыжай шаруашылығына деген қызығушылық арта түскен. Дихан қауымы бұл саладан табатын табыстың да аз еместігін алға тартуда. Агроөнеркәсіптік сектордағы мұндай серпінді қадам мегаполистің экономикасын дамытуға да үлес қосуда. Дәл қазір Шымкент қаласының аумағында 209 гектар жылыжай кешені жұмыс істеп тұр. Оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған кешендерден жылына шамамен 17 мың […]