Әлеумет

Тырысқақ тұзаққа түсірмесін

Тырысқақ асқазан — ішек жолын зақымдайтын, құсу мен іш өту салдарынан ағзаның сусыздануына әкелетін аса қауіпті жедел ішек инфекциясы. Тарихта тырысқақ ауруының бірнеше пандемиялары тіркеліп, Египет, Индонезия елдерінде орын алған. Қазақстанмен тығыз қарым — қатынастағы Азия мемлекеттері: Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Индонезия, Бангладеш және т. б. елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады. […]

Мәселе

Балаңды аясаң, аяма!

Қазақтың осы бір даналығы күн өткен сайын ұмытыла бастағандай ма, қалай? Бүгінгі жас ата-ана үшін бұл тәмсіл тәрбиенің басы болуға тиісті емес пе? Жә, ол жайлы сәл кейінірек… Кеше Шымкентте «Отбасы – Отанымның тірегі» атты отбасы институтын дамытуды мақсат тұтқан форум өтті. «Мұндай іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр» дейді білетіндер. Әр отбасының өз құндылығы […]

Әлеумет

Халыққа ең қажеттісі — су, газ, жол, жарық

Тұрғындардың жайлы ортада өмір сүруі үшін жергілікті биліктің қолайлы жағдай туғызуы керектігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі деңгейдегі жиындарда ұдайы айтып жүр. Халыққа арнаған өз Жолдауында да инфрақұрылымға инвестиция салуды қамтамасыз етуге көңіл бөлуді нақтылағаны белгілі. Бұл орайда «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» дей келе, бюджеттен бөлінетін […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

Шымкентте балабақшадан жылан шықты

АБАЙЛАҢЫЗ! Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар  жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?! Мысалы,  16 мамырда  Самал-3 […]

Шымкент

Үш ауысымды ұмытатын күн жақын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты бағдарында 2025 жылға дейін елімізде 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау керектігін нақтылап өткен-ді. Тарқата айтар болсақ Жолдауда «Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп […]

Шымкент

КӘСІБІН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕТІНДЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәсіпкерлерді жүйелі түрде қолдау керектігін тапсырғаны белгілі. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Өнім өндіру үшін ең алдымен жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде […]

Шымкент

Дихандар жаңа технологияны меңгеруде

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Бұл орайда бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін өсіру алқаптарын кеңейту, өнім көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Адам азғасы үшін пайдалы бұл өнімге деген сұраныс бүгінгі нарықта артып отыр. Олай болса отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің […]

Uncategorized Басты жаңалықтар

«Түрмеге түспейтіндер» мен Төле биді елге танытқан қаламгер

«—Бiз Отан алдындағы парызымызды өтеп жүрмiз. —Басқаның Отанын жаулап ал деп сендердi өлiмге жұмсайтын қандай Отан ол? Нағыз отаншыл болсаң өз Отаныңды қорға, басқаның Отанын жаулама. Өз үйiңдi, апа, қарындасыңды қорға. Мұнда, өзiңе жат елде кiмдi қорғап жүрсiң? Камилдин үндей алмай қалып, сөзге басқа бiр ауғандық араласты» Бұл Шойбек Орынбайдың «О дүниеден соғылған телефон» атты […]

Біле жүріңіз

Лагерге баласын жіберген ата-ана нені білуі керек?

Балаларды сауықтыру лагерлері бойынша АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА: Лагерьді таңдаған кезде Шымкент қаласының ресми сайттарында жарияланған ақпараттармен танысу; Сауықтыру ұйымдарының санитариялық нормаларымен танысу; Күн өтуді және қатты тоңуды, жарақаттануды болдырмау үшін сөмкеге жылы киім,шұлық, күртеше, кепкі немесе қалпақ, жабық аяқ киім ( кеды) сандалдар болуын қамтамасыз ету; Тез бұзылатын өнімдерді атап айтқанда ет, балық, тәттi кремдi-кондитер өнiмін […]

Басты жаңалықтар Құқық

«Жас Ұлан» мектебінде батырға бюст орнатылды

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп түлегі 35 гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары гвардия подполковнигі Хаиыров Сәндібек Ғалымоллаұлының туылған күніне орай бюстінің ашылуы рәсімі өткізілді. Салтанатты рәсімге қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, оның мектеп кезін еске алды. Бюстті салтанатты түрде Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Пернехан Орынбеков […]