Мәселе

Шымкентте 2 жасар бала уксус ішіп қойды…

Шілденің 11-і күні ересектердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала байқаусызда сірке суын ішіп қойғаны туралы хабарлама келіп жетісімен жедел жәрдем қызметі балақайды Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген. «Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды» деп хабарлайды қалалық […]

Мәселе

Отырарда Президент тапсырмасы орындалмай отыр

Отырарлықтардың халі мүшкіл. Біз сөз еткелі отырған 250-ден аса отбасы, 2700-дей тұрғыны бар Қарғалы ауылдық округінің орталығы саналатын – Отырар ауылы. Ауылда жұмыс жоқ. Тұрғындар егін егіп, мал бағып қана күн көреді. Бұл екі шаруашылықты дамыту үшін су керек. Су тапшылығынан ауылда егілген егіс қурап, еңбек еш кетуде. Тұрғындар мыңғырған мал былай тұрсын, торғай қанып […]

Мәселе

Киімі, дәптері жоқ оқушы қалай сабақ оқиды?

Есік қаққалы тұрған тамыз – оқу- шыларды мектепке дайындайтын ай. Киімін, оқу құралын түгендеу керек. Соған байланысты күн ыстықта сауда қазаны да қайнап, сауда орындары құ- мырсқаның илеуіне айналады. Қоғам болғасын əр отбасының, əр ата-ананың əлеуметтік ахуалы əр алуан. Бірі сапалы киімдерді ғана таң- дап алса, бірі ең арзандарына да қол жеткізе алмай қиналады. Мұндайда […]

Мәселе

Еңбек – баланы шынықтырады ма, құқығын бұзады ма?

«Адамды адам еткен – еңбек» деген тəмсілмен ержеткен аға буын өкілдері үшін барлық берекенің бастауы маңдайтер, еңбекте жатыр. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, сабақтан кейін масақ теруге, қой қырқымына, картоп қазуға, мақта, алма теруге барғанын айтып отыратын аға буын арамызда көп-ақ. Алайда осы бір үрдіс кейінгі буында қалыптаспады. Неге? Алдымен еңбекке жастай баулудың жақсысы мен жаманына тоқталсақ.Тəжірибелі […]

Мәселе

Созақта мектептер тозып барады

Немесе Жалтақтық жарға жығады… Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫНЫҢ назарына! Басқарманың аты әлі ресми түрде ауыспағандықтан бұрынғы қалпында жазуды жөн санадым. Сонымен… «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау кеңесінің мүшелері аудандағы білім ұяларының жазғы демалыстағы ағымдағы жөндеу жұмыстарын көріп, мектептердің материалдық техникалық ахуалымен танысып шықты. Арнайы құрылған жұмысшы топтар […]

Құқық Мәселе

Президент Сарыағаштағы қылмысқа қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту керектігін айтты

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді» деп қабарлайды Aqorda.kz Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды. Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян […]

Мәселе

Мектепке кім директор бола алады?

«Мектеп директорын тағайындауда жаңа тәртіп орнап жатыр екен» деген сөз соңғы 2-3 аптада мұғалімдер арасында желдей ескені рас. Оған негіз болған мәселе, еліміздің Оқу-ағарту министрлігі жариялаған талаптар. Бұл әлі бекітілмеген құжат. Әзірге көпшіліктің талқысына салып отыр. Десе де… Редакциямызға хабарласып, «тәртіп өзгеріп жатыр екен ғой, рас па?» деп сұраушылар көбейе түсті. Осының өзі-ақ, «болыс болуға […]

Мәселе

«Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!»

        Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы  ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Ақсукенттің ажары ашыла ма?

Кешегі аптада Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ендігі жерде ауданды Арман Сәбитов басқаратынын айтып, аудан халқына жаңа әкімді таныстырған облыс басшысы Дархан Сатыбалды ауданда қордаланған бірқатар мәселелерді де атап айтып, келеңсіздіктерді жойып, тәртіп орнатуды тапсырды. Тапсырманы орындауға бірден кіріскені болар жаңа әкім сенбі күні аудан аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырды. Әсіресе, аудан орталығы Ақсукенттің жүдеу көркіне […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Ұстаздар сауатын арттыруы керек

Оқшау ой  Жуырда мектебімізде ата-аналар жиналысы болды. Әдетте директор мен оның орынбасарының баяндамасымен басталып, бір-екі ата-ананың сұрағымен аяқталатын мұндай жиын бұл жолы өзгеше өтті. «Мен ұстаздардың ізденуін қалаймын, ата-ана ретінде соны талап етемін, — деп бастады өзінің асығыс екенін айтып, алдын ала сөз алған бір ата-ана. – Жоғары оқу орнын 1980-90 жылдары бітірдім деп ескі […]