Мәселе

Полициядан қырағылық жоғалса…

Осыдан он күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау арнаған болатын. Көкейтесті көп мәселенің түйінін тарқатуға себеп болатын тапсырмаларды тап басып айтты. Соның ішінде полицияның қызметіне қатысты ұстанымдары да халықтың көкейінде жүрген болатын. «Мемлекеттің күш құралы ретіндегі полиция бейнесі жайлап жойылады. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады», – деді Президент. […]