Бірінді қазақ бірін дос, көрмесең істің бәрі бос. (Абай)

e-mail:
ozgepikir@mail.ru

Жазылу индексі:
64655

Шекарашыны «сатып алмақ» болыпты

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, шекара сақшысы көрші мемлекеттің аумағынан келе жатқан шекара бұзушыны түнде көретін құрылғы арқылы алдын ала көріп, қарсы алдынан шығып ұстаған болатын.

«Ұсталған адам тексеріліп жатқан кезде өзіміздің аумақ жақтан бейтеныс біреу келіп, электрлі дабыл беру қоршауының сыртында тұрып, шекара бұзушыны босату туралы өтініш айта бастады. Өтінішінен ештеңе шықпасын түсініп, қалтасынан түйіншек алып шекарашы жаққа қарай лақтырды. Шекара бұзушыны ұстап тұрған шекарашы радиостанция арқылы көмек шақыра бастаған кезде ғана «күтіп алушы» Андас батыр ауылына қарай қашып үлгерді. Ұсталған 25 жастағы қырғызстандық болып шықты. Оқиға орнынан 5 мың теңгелік төрт купюр табылды», - делінген хабарламада.

Болған жағдай туралы құқық қорғау және басқа да өзара әрекеттес органдар хабарланды. Тексеру жүріп жатыр.