Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкентте су қоймаларынан қауіп бар ма?

  Биылғы қыс Шымкентте ерекше болғаны рас. Жаңа жыл қарсаңында жауған қалың қар әлі толық еріп кеткен жоқ. Аязды күндер мұрша бермеген қардың тіні енді ғана ажырауда. Аяз сынып, күннің көзі күлімдей бастағанымен қыстың аты қыс. Десе де көктемгі жауын-шашынды күндерге дайындық қажет-ақ. Қамсыз отыруға болмайды. Сол себепті де Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов су […]

Әлеумет Біле жүріңіз

Тіс дәрігеріне бару үшін емханадан жолдама алу керек пе?

немесе стоматологиялық көмекті қалай аламыз? Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшартқа тұрды. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтан мән-жайды анықтаған болатынбыз. –Жалпы, МӘМС есебінен  стоматологиялық  қызмет көрсету бойынша қандай  жаңалықтар бар? – Стоматологиялық көмек көрсету процесінде ешқандай өзгеріс болмады. Пациент […]

Мәселе

Шымкентте фитнес-клубта 5 жасар бала қайтыс болды

Кеше қаңтардың 29-ы күні Шымкентте  «KASIET» фитнес-клубында 5 жасар бала бассейінге батып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Жедел медициналық қызметтен хабарлама келіп түскен.  Онда 29 қаңтарда сағат 17.25-те  2018 жылы туған бала бассейнге батып кеткені туралы айтылған. Бассейін балаларға арналған. Айта кету керек бұл фитнес-клуб қаланың Тұран ауданы, 8 шағынауданында, […]

Әлеумет Біле жүріңіз

Белсіз бен бедеуге медеу

«Ұрық банкі» туралы не білеміз? Адам ұрығы арнайы банкте сақталатыны туралы ақпаратқа бүгінде ешкім таңқалмайды. Арнайы медициналық орталықтарда ұрықты сақтайтын мұндай банк Шымкентте де бар. Журналистік зерттеуіміздің барысында өз ұрығын өткізетіндерге 10 мың теңгеден жоғары ақы төленетінін білдік. Әрине, ұрықтың сапасына, санына қарай бағасы да жоғарылайды. Ұрық тапсырушы 100 адамның 10-ы ғана донор болады екен. […]

Басты жаңалықтар Мәселе

 Полиция ұрыны жасырып отыр ма?

Бүгінде ауылдардағы ең өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы. Баяғының барымташыларында ар-ұят болған екен. Жиын-тойға, ас-құдайыға, көрші-қолаңға таратылатын бордақыға дайындалған белгімалдарды айналып өтіп, кедей-кепшіктің төрт түлігіне тимеген. Қазір ше? Ұрылар бір бейшараның бала-шағасын асырап отырған жалғыз жылқысы немесе сиыры деп аяушылық танытпайды. Керісінше іздеушісі жоқ деп сондайлардың малын жетектеп әкетуге әуестенді. Жалпы, барымташы болсын, ұры […]

Біле жүріңіз

Шардаралық Нұрбақыт еліміздегі үздік әкім

Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу қолға алынған болатын. Оның мақсаты — үздік ауыл әкімдерін анықтау және насихаттау. Байқау ауылдарды дамытуға және осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға оң септігін тигізеді деген сенім болды. Расында бұл конкурсқа қызығушылар саны бірден көбейіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық […]

Қоғам

Кино түсіремін деп…

Кешірім сұрайтын продюсерлер көбейіп барады «Қазақстан» ұлттық арнасынан жақында көрсетілген «Жараланған жүректер» атты телесериалға қатысты шу шықты. Даудың басы эпизодта берілетін портреттегі суретке қатысты болып отыр. Кинода кейіпкер әйел үстөл үстіндегі марқұм күйеуінің суретіне қарап отырып мұң шағады. «Мені жалғыз тастап кеткенің қалай…» деп қайтыс болған жарының суретіне бұл дүниедегі өзі тартып жүрген қиындықтарды тізбектеп […]

Әлеумет Мәселе

Көмір бағасын билік реттеуі керек

Биылғы қыс қаһарына мініп тұр. Суық күндердің созылуы көмірге деген сұранысты арттыруда. Қаражаттан қысылғандар арасында қатты отынды үнемдеймін деп салқын үйде отырғандар қаншама? Ақшасы бола тұра көмір таппай жүргендер де аз емес. Осынау себептердің салдарынан көмір бағасы аспандап шыға келді. Шалғай ауылдарда тұратын азаматтардан хабарласып білгеніміздей, кейбір аудандарда қара отынның тоннасы 40-45 мың теңгеге дейін […]

Мәселе

Түркістанда білім саласында былық көп…

сапа да төмендеп барады Пилоттық жоба ретінде атауы қайта-қайта ауысқан Түркістан облысының Білім басқармасы соңғы жылдары сыннан да көз ашпай қойды. Аудандағы бөлім басшыларының бірі жемқорлыққа қатысты күдікке ілінсе, енді бірі адам өлтіруге тапсырыс беріп, «айды аспанға бір-ақ шығарды». Енді, міне, басқарманың өз ішінде де жік шықты. Жуырда басқарманың ішіндегі бір бөлімді басқарып отырған азаматтың […]

Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Есепші бала Егізқұмда тұрады

Бұл ауыл Шардара ауданына қарайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы екі таңбалы саннан бастап 4,5 таңбалы сандарды бір-біріне ауызша лезде қосып, боладысын айтып жүрген кішкентай 4 жасар бала дәл осы ауылда тұрады екен. Аты-жөні Ислам Көпбай. Егізқұмдықтар Исламның есепке жүйріктігін біраздан бері біледі. Соданда болса керек оны есепші бала атап кеткен. Калькулятор бала деп те ат […]