Біле жүріңіз

Карнавалға шыққандарды көлік қақты

Германиядағы Фолькмарзен қаласында карнавал шеруі кезінде «Мерседес» автокөлігі жиналған адамдарды қатты жылдамдықпен келіп қаққан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кем дегенде 30-ға жуық адам зардап шеккен, жеті адам қатты жараланған.

«Автокөлік жүргізушісін полиция ұстады» деп хабарлады неміс полициясы. Билік бұны әзірге теракт деп атаған жоқ. «Біз әзірге бұны қасақана әрекет немесе күдіктінің денсаулығының сыр беруі деп атай алмаймыз», – деді полиция өкілі DPA жаңалықтар агенттігіне. Күдіктінің 29 жастағы неміс азаматы екені мәлім болды. Фолькмарзендегі оқиғадан соң аудандағы карнавал шерулерінің барлығы өтпейтін болды.

2016 жылы желтоқсанда Берлинде жаңа жылдық базарда жүк көлігі бір топ адамды басып кеткен болатын. Сол кезде оннан астам адам қаза тауып, елу адам жараланған-ды. Билік бұл оқиғаны теракт деп атады. 2017 жылы дәл осыған ұқсас оқиға Стокгольмде жаңа жылдық жәрмеңкеде тіркелген еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *