Әлеумет Біле жүріңіз

Медицина қызметіне қанағаттанбағандар қайда шағымдануы керек?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ нәтижелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Қор мамандары үнемі ұсынылатын қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп, туындаған мәселелерді жедел шешуде. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қордың бірыңғай байланыс орталығы 1406 нөмірі бойынша жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталықтың жұмысы 24/7/365 режиміне ауыстырылды.

Азаматтардың қолайлылығы үшін Қор әртүрлі кері байланыс арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы әзірленді. Оның көмегімен емделушілер кеңес алуға, шағым беруге, сақтандырылуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, науқастардың Қордың аймақтық  филиалындағы азаматтарды қабылдау кабинеттеріне жүгіне алады.

Жалпы, тұрғындар тарапынан түсетін өтініштерді қабылдаудың тәсілдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

— Науқас шағымын қабылдап, қарастыратын MVoter мобайл қосымшасын қолдануыңызға да болады. Барлық медициналық ұйымда – Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілерінде арнайы QR кодтар бар. Науқас кодтарды сканерлеп, медициналық көмекке баға бере алады. Баға қызмет көрсету сапасы, кезек күту уақыты, дәрігердің ұсынысының дәлдігі мен түсінікті болуы, қызметті ұсыну шарты бойынша қойылады.

1) Play Market-тен немесе Appstore-дан қосымшаны жүктеп алады.

2) Қосымшаны ашып, сканерді QR кодқа жақындату арқылы көшіреді.

3) Қысқа анкета толтырып, медициналық қызметке баға беруге болады. Мұнан соң, мамандар кері байланысқа шығады.

— Медициналық ұйым жәрдем беруден бас тартса немесе сапасыз қызмет көрсетсе, қолдау қызметі көмектеспесе, мобайл қосымшаны қолдана алмаса, онда медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөмері бойынша хабарласуға болады.

— Fms.kz сайтында «Халықтық бақылау» бөлімі бар. Медициналық қызмет сапасы қанағаттандырмаса, заңсыз сыйақы талап етсе немесе кезекті ұзақ уақыт күтіп қалсаңыз, осы бөлімге шағым қалдыра аласыз.

— Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына пікір қалдыруға болады. Медициналық сақтандыру қорының мамандары әр пікірді жеке қарастырады.

Медициналық сақтандыру қоры жеткізушілері көрсететін медицина қызметінің сапасын бақылап отырады. Бақылауда тек мемлекеттік емес, жеке клиникалар да кіреді. Қорға барлық науқастың беретін бағасы маңызды. Өйткені, көрсетілген медицина қызметінің ақысы соған байланысты төленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *