Мұхиттың
арғы жағында жатқан Америка өздеріне Қытайдан шыққан дертті келмейді деп ойласа
керек. Алғашында қауіптене қоймады. Өз әдеттеріне салып бақты. Соның зардабын енді
тартып отырған сыңайлы. Бүгінде коронавирусті жұқтырғандар бұл елде жүз мыңнан
асып кетті. Адам шығыны да аз емес. Ресми мәліметке сүйенсек, АҚШ виурс жұқтырғандар
жағынан Қытайды артқа тастаған.
Елдегі жағдай жөнінде Ақ үй басшысы Дональд Трамп 30-наурызда баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-та 200 мың адам осы індеттің құрбанына айналса – жақсы көрсеткіш болатын көрінеді. «Егер АҚШ үкіметі бұл індеттің алдын алу үшін ештеңе жасамағанда, екі миллионнан аса америкалық өлуі мүмкін еді. Сондықтан COVID-19 вирусынан 100 мыңнан 200 мыңға дейін адамның көз жұмуы, бұл жақсы көрсеткіш», – деп айтыпты.
Расында,
жантүршігерлік мәлімет. Мұны біреулер «іріген ауыздан шіріген сөз шығады», –
деп Трампты табаласа, енді бірі шындықты жайып салған Ақ үй басшысының бұл мәлімдемесін
ерлікке балап отыр. Қалай болғанда да қуанарлық жайт емес. Сондықтан барлық мәселеде
мұқият болған дұрыс. Ол үшін үйде отырайық