Біле жүріңіз

«Бізді құртып жатқан Сәке, Бәке, Жәкелер»

Бақтияр Артаев, бокстан олимпиада чемпионы:

—   Мемлекеттің қаражатына қанша шенеунік олимпиадаға барады. Оның керегі бар ма, керегі жоқ па осыны сараптайтын адам керек. Ертең «Көке, сен кәсіпкерсің, долларлық миллионерсің, қаражатың жетеді, өзіңнің жеке қаражатыңмен барсай деп айтатын адамдар керек. Өкінішке орай бізде әлі  Сәке, Бәке, Жәке деген нәрсе жүріп тұр. Сондықтан олардың бәрі мемлекеттің қаражатымен барып жүр.

Одан кейін спортшыларға бөлінетін киімдер, олардың сапасы өте төмен. Оның тең жартысы жаңағыдай тағы да Сәке, Бәкеге таратылады. Осындай нәрселер көп. Осының бәрінің көзін құртып, спорт саласына бөлініп жатқан қаражатты дұрыс жұмсап, нәтижелі әр облыстың басқарма басшыларын төбесінен басып тұрып «сен қанша жыл жұмыс істедің, он жыл отырсың. Сенің жасың алпыста, жетпісте пенсияға кетуің керек. Неге кетпей отырсың? Сен әлі бір чемпион шығарған жоқсың» деп айту керек. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда жазғы спорт түрлерінен бір чемпион жоқ қой. Ол жерлерде отырған шалдардың барлығын босатқызып, орындарына есі дұрыс адамдарды отырғызу керек. Спортты қазір біздер құрып жатырмыз ғой, осындай көзі ашық, әлемдік дәрежеде жүрген, тіл білетін жастарды қойған дұрыс. Кезінде Елбасы айтқандай, әр өңірден бір-бір чемпион шығарсаң тақиямызға тар келмейді. Шығаруға болады. Неге оңтүстіктен ғана шығады, солтүстіктен шықпайды? Осындай мәселелерді мүмкіндік берсе қазір, Қазақстанның спортын толығымен ұйықтап жатқан жерінен оятып, сілкіп, әр өңірге футболға миллиардап құртып жатырмыз ғой, сол миллиардтарды кесіп, футболды балалар, жасөспірімдер арасында дамытуға қалдырып, әр өңірге үлкен спорт кешендерін салу керек. Таразда басқарма басшысы болып отырғанда «Тараз аренаны» салдырдым ғой. Сол менің жеке жобам. Рахмет, бірінша Алла, екінші Қанат Аллабергенұлы мені қолдап, сондай кешен соқтыруға мүмкіндік берді. Менің бірінші ғимаратым «Тараз арена». Көрсеңіздер қандай зәулім сарай. Сондайларды әр өңірге қойсақ, басқарма басшыларының бәрін, спорт мектептерінің директорларын сараптап қарасақ, бәрін тірілтсек. Спорттан кеткен спортшыларды сол жерге алып келіп отырғызсақ, сол кезде спортшылардың барлығы, былайша айтқанда бұл да системалық жұмыс қой…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *