Қоғам

Қысқа дайындық пысықталды

Түлкібас ауданында алпыс білім беру мекемесі бар. Олардың арасында үш ауысымды және аппатты жағдайдағы мектептер жоқ. Жуырда аудан әкімі Нұрлан Байғұт карантиндік жағдайға қарамастан білім мекемелерін арнайы аралап, бүгінгі жай-күйімен танысты. Аралау барысында аудан басшысы әр мектептің сыртқы қоршауын, ішкі және сыртқы әжетханасы мен жылу қазандықтарын тексеріп, өзекті мәселелерімен танысты. Қысқы маусымға дайындық және сыртқы қоршау мен әжетханаларға, ғимараттардың әрлеу жұмыстарына қатысты білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорларына нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін орындауды тапсырды.

Әрине, биыл алғашқы қоңырауда оқушылар мектеп табалдырығын аттамасы белгілі. Дей тұрғанмен кез келген уақытта карантин аяқталып, мектеп есігі оқушылар үшін айқара ашылғанда, сақадай сай болғаны дұрыс қой. Бұл мәселеде түлкібастықтар жан-жақты қам жасауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *