Біле жүріңіз

«Сөйлейтін» орындық

Алматыдағы Тұңғыш Президент паркінде интерактивті «сөйлейтін» орындық пайда болды. Орындықтар белгілі қазақ ақындарының өлеңдерін оқиды. Мұндай интерактивті орындықтар енді Бостандық ауданында да бірнеше жерге қойылатын болды.

«2019 жылы «Қатысу бюджеті» жобасына сәйкес Бостандық ауданының тұрғындары 2 235 млн. теңге сомасына 47 ұсыныс енгізген болатын. Олардың ішінде құны 963,7 млн. теңгеге 34 жоба дауыс беруге жолданды. Бүгінде осы жоба аясында Тұңғыш Президент паркінде 1 интерактивті орындық қойылған. Қазір тұрғындардан өтініш көп түсіп жатыр. Бір орындық құны 1 млн. теңге шамасында», — дейді бұл туралы  онлайн брифинг барысында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев. Белгілі болғанындай, интерактивті орындықтың ішіне аудиожүйе орнатылады. Оған белгілі тарихи тұлғалардың биографиясы, әндер мен өлеңдер жазылады. Адам орындыққа отырған кезде аудио қосылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *