Біле жүріңіз

Малды қауіп-қатерден сақтандырыңыз

Енді фермерлер ірі қара малын ауру мен басқа да қауіп-қатер­лерден сақтандыра алады. Осы уақытқа дейін агро­өнеркәсіп кеше­нінде иесі малын тек мүлік ретінде сақтандыратын еді. Қазіргі эпизоотиялық жағдайды ескеріп, шетелдік сақтандыру компа­ниялары еліміздің агроөнеркәсіп сала­сына арнап сақтандырудың жаңа шартын әзірлеген.

Жаңа шарт арқылы фермерлер малды өз шаруа­шылығы аумағында және 5 шақырым радиустағы көрші шаруа­шылықтардың аумағындағы індеттен, басқа да қауіп-қатерден сақ­тандыра алады. Жалпы, қауіп-қатер­лердің қатарына инфек­циялық және аса қауіпті аурулар, өрт, біреудің қасақана зиян келтіруі мен қауіпті табиғи құбы­лыстар, жазатайым оқиғалар – жары­лыс, найзағай түсу, тұншығып өлу, жырт­қыш аңдардың шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы, түрлі се­беппен жарақаттануы кіріп отыр. Демек, төрт түлікке қандай қауіп болса, жаңа сақтандыру бәрін өз мойнына алуға даяр. Ауыл шаруашы­лығы ми­нистр­лігінің дерегіне сенсек, ірі қара малға қатысты сақтандыру шарттарын әлемдік нарықтағы «А» (жоғары дәреже) рейтингі бар Ха­лықаралық сақтандыру ком­паниялары ұсынып отыр. Шарт жасасу процесі фермер мен сақтандыру ком­пания­сының арасында WWW. QOLDAU.KZ электронды платфор­ма­­сында жүр­гізілмек.

 «Ауыл шаруа­шылығын қар­жылай қол­дау қоры» АҚ басқарушы ди­ректоры Асқар Қалиев жаңа сақтандыру тек фермердің емес, несие берушінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тінін айтады. Сақтандыру тарифі сақтан­дырылатын малдың санына бай­ланысты болмақ. Бізге енді келіп жеткен бұл тәжірибе әлемде бұрыннан қолданылып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *