Біле жүріңіз

Жалғыз мұғалімі бар мектеп

Ол шетелде емес, өзімізде. Қызылорда облысында барлық пәннен беретін жалғыз мұғалімі бар мектеп жұмыс істейді. Бұл ақпарат отандық телеарналарда хабарланып, сайттарда жариялануда. Мектеп Гигант ауылдық округіне қарасты Ақтам елдімекенінде орналасқан. Мұнда 1-4 сыныпқа дейінгі бар-жоғы алты оқушы бір кабинетте білім алады. Ақтам бастауыш мектебінің мұғалімі Сандуғаш Кершебаева қырық минутта төрт сыныпқа сабақ түсіндіріп үлгеруі тиіс екен.

         Шиеліден он бес шақырым қашықтықта жатқан ауылда елуден аса тұрғын негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Ал, білім ұясының салынғанына отыз жылдан асқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *