Uncategorized Қоғам

«Әйелдер ипотекасы»

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақын арада «Әйелдер ипотекасы» бағдарламасын жүзеге асырмақшы. Ипотекалық бағдарлама тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге арналған.

«Иә, жыл басында «Әйелдер ипотекасы» атты бағдарламаны бастауды жоспарлаған едік. Алайда пандемияға байланысты оны шегеруге шешім қабылданды. Қазіргі кезде бұл мәселе пысықталып жатыр. Жақын арада мәлімдеме жасаймыз», — деді бұл туралы
«Қазақстанның тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан  Матаев онлайн брифингте.

Әйелдер ипотекасының шарттары бойынша 200 мың теңгеден төмен жалақы алатын әйелдер алғашқы жарнаның 15, ал 200 мыңнан жоғары алатындар 20 пайызын жинауы тиіс. Жеңілдетілген ипотекаға жаңа үйден де, қайталама нарықтан да баспана алуға болады. Кредиттің шекті сомасы 30 миллион теңге.

Жоспар бойынша Азия даму банкі «Тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы гендерлік теңдікке жәрдемдесу» жобасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 миллиард теңгені қарызға береді. Осы қаржының есебінен 4 мыңға жуық әйел жеңілдетілген ипотека рәсімдейді. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 9 миллионнан астам әйел бар. Олардың ішінде отбасын асырап жатқандар да аз емес. Бірақ орташа жалақысы ер адамдардан төмен. Содан баспананы ипотекаға алу қиын. Осыған байланысты «Әйелдер ипотекасы» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *