Біле жүріңіз

Үйіне метеорит құлап, байып кетті

Солтүстік Суматра провинциясында үйінің төбесіне метеорит түскен қабір қазатын адам Джошуа Хутагалунг ойламаған жерден миллионер болды. Аспаннан  метеорит құлаған кезде жас жігіт табыт жасап жатқан. Тас түскен жеріне 15 сантиметрге дейін батқан. «Өте ыстық болды. Жалаңаш қолмен ұстау мүмкін болмағандықтан,  әйелім оны кетпенмен қазып алды, содан кейін ішке кірізді», — дейді бақытты адам.

Метеориттің салмағы – 2,1 келі, жасы – шамамен 4,5 млрд. жыл. Сирек кездесетін тастың құны шамамен 1,4 миллион фунт стерлинг (£ 1 = 568,51 теңге). Джошуа табылған затты коллекционерге сатып, ондаған жылда табатын ақыны бір сәтте алған. Үш баланың әкесі бұл ақшаны өз қауымына шіркеу салуға жұмсамақ ниетте. «Мен қызым болса деп армандадым және бұл маған берілген белгі, сәттілікті меңзейді деп ойлаймын», — дейді Джошуа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *