Біле жүріңіз

Жаңа технология ойлап тапқанға 100 миллион доллар…

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын алудың ең жақсы технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде етті. «Мен көмірқышқыл газын ұстаудың ең жақсы технологиясын жасағандар үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін», — деп жазды ол өзінің «twitter» әлеуметтік желі парақшасында.

Ұстау дегеніміз — көмірқышқыл газын өнеркәсіптік және энергетикалық көздерден бөлу және оны атмосферадан ұзақ мерзімге оқшаулау процесі. Көміртекті ұстаудың негізгі мақсаты — күннің жаһандық жылынуы мен қоршаған ортаның ластануымен күресу болып табылады.
      Сондай-ақ, Илон Маск өзінің бұл ұсынысы туралы алдағы уақытта толығырақ айтуға уәде берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *