Әлеумет Қоғам

Елорда күнін атап өтті

Биыл еліміз үшін үлкен мереке. Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін артқа тастаған азат ел дамудың даңғыл жолында келеді. Тәуелсіздік сыйлаған  жемісті жеңістердің бірі Сарыарқа төсінен еңселі Елордамыздың бой көтеруі. Бүгінде еліміздің әр аймағында Астана күніне арналған салтанатты жиындар өтуде.

Елорда күніне орай Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Тұрғындарды бас қаланың мерейлі мерекесімен  аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев құттықтады. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Самұрық» аллеясына аудан әкімдігінің қолдауымен «Үркер-2021» ұлттық сыйлығының иегері, кәсіби фотограф Мақсат Шағырбайдың «Елорда және Елбасы» атты фото көрмесі қойылды. Аудан тұрғындары Арқа төсіндегі арман қаланың сәулеттік таңғажайыптары, Елбасының өмір жолы бейнеленген көркем картиналарды тамашалады. Көрмеге келген үлкен мен кіші де, жергілікті тұрғындар мен қонақтар да дән ризашылықтарын білдіріп, өнер иесінің жұмысына, игі іс-шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын білдіріп жатты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *