Әлеумет Өмірдің өзі

Баланы вирустан қалай қорғаймыз?

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, он жылдық жұмыс тәжірибесі бар балалар терапевті Әйгерім Көртаеваның (суретте)  әкесі де ауылда тіс дәрігері еді.

Үйдің тұңғышы дүниеге келгенде әкесі «ізімді жалғайтын дәрігер қызым келді» деп қатты қуанған екен. Содан бойжеткенше анасы екеуі оған «атақты дәрігер боласың» деп көп үміт артты. Әйгерім олардың үміттерін ақтау үшін мектепте жақсы оқыды. Бұл мамандықты таңдағанына өкінген де емес. Бүгінде балаларының денсаулығы да әрдайым өзінің назарында.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының түлегі алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласындағы №8, №13 емханаларынан бастаған. Қазіргі таңда «Медикер» емдеу орталығында еңбек етеді. Біз оған қазіргі пандемиялық жағдайда балаларды вирустан қорғау жолдары және басқа да сауалдарымызды қойған едік. Білікті маман балалар мен ата-аналарға өзінің құнды кеңестерімен бөлісті. Дәрігердің айтуынша, ең бастысы — дұрыс тамақтану қажет. «Ауру – астан», «Ас – адамның арқауы» деп текке айтылмаған. Уақтылы, пайдалы тамақтанған бала көп ауруға төтеп береді. Күнделікті рационда дәрумендері мол тамақтар болуы шарт. Мысалы таңертең ақуызға бай, күріш, қарақұмық, сұлы ботқалары мен қайнатылған жұмыртқа жесе, түскі асқа міндетті түрде ыстық тамақ ішкені дұрыс. Ас мүмкіндігінше сұйық болғаны дұрыс. Бір жасқа дейінгі балаларға қуырылған тағам беруге болмайды. Ет, балық, картоп, сәбіз, асқабақ және жеміс-жидектерді көп жеуін қадағалап, таңертеңгі астан соң міндетті түрде дәрумен ішкізу қажет. Себебі ағзаға қажет тәуліктік витаминдер мөлшерін күнделікті тағамдардан алу жеткіліксіз. Қазіргі пандемия тараған тұста мүмкіндігінше баланы үйде қараған жөн. Жеке бас гигиенасына үйретіп, баланы жиі құшақтап, жақсы көретінімізді айту да иммунитетті көтереді екен.

— Бала организмінің 85 пайызы судан тұрады, сондықтан ересектерге қарағанда жеңіл өтеді. Дегенмен қауіптің алдын алу тікелей өзімізге байланысты. Бұл пандемияның негізгі механизмі – қандағы тромбтарды көбейтіп, ұйыту. Бастапқыда жеңіл көрінгенімен, арты кавасаки синдромына апаруы әбден мүмкін. Әсіресе денсаулығына байланысты тіркеуде тұрған, созылмалы дерті бар балалардың ата-аналары сақтандыру шараларын күшейткені дұрыс. Оларды қоғамдық орындардан әлі де алыстау ұстаған жөн. Бұл алдын ала сақтандыру шарасы. Ауруханаға жөтел, өкпе қабынумен түсіп жатқан балалар көбеюде.

Осыдан бірнеше жыл бұрын үй-үйді аралап, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екпе салуға мәжбүрлейтінбіз. Ал, соңғы заң бойынша қазір әркімнің өз еркінде. Алайда менің балаға қатты жаным ашиды. Ол ертең бақшаға, мектепке, жұмысқа баратын қоғамның бір мүшесі. Сонда организмі неше түрлі микробтармен қалай күреседі? Ата-аналардың сенімдерінің азаюына интернетте таралған жалған видеолардың да әсері көп. Кез келген бала туылғанда бес айға дейін невропотологтар сал ауруының белгілерін анықтай алмайды. ДЦП ешқашан екпеден пайда болмайды, ол тек туа бітті беріледі. Сондықтан, балаға екпе салдыру өте маңызды. Маман ретінде айтарым, біздің мемлекет екпенің сапасына өте жіті мән береді. Орта Азияның басқа елдерінде, мәселен, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде арзандау түрлері салынады. Біздің елде салынатын екпелердің сапасы олардан әлдеқайда жоғары, — дейді Ә.Мүтәліпқызы.

Қазір дәрі-дәрмек, түрлі витаминдер ұсынатын фирмалар да көп. Ата-аналар осылардың ішінен сапалысын қалай анықтауға болады? Расында қай дәрумендер бала ағзасына пайдалы деген сұраққа да дәрігердің айтары бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы әдетте сапасында болып келеді. «Өзім пациенттеріме «Сановит», «Алфавит» секілді дәрумендерді ұсынамын. Бұған дейін балаларыма дәріхана дәрумендерін пайдалансам, соңғы екі жылдан бері швециялық технологиямен өндірілетін «Welness pack» витаминдер жиынтығын үзбей беріп келемін. Нәтижесін байқаған соң өзімнің күрделі дерті бар науқастарыма да ұсынып жүрмін. Бұл жиынтықтың авторы атақты Нобель сыйлығының иегері, хирург Стиг Стен. Алғашында жүрек, өкпе аурулары бар науқастарға арнап шығарған. Бірақ қазір әлемнің көптеген адамдары пайдалануда. Әсіресе аллергиясы бар, тез шаршайтын, қаны аз  балалар тұрақты пайдаланса сөзсіз көмегі тиеді. Бала ағзасына өте қажет витаминдердің тағы бір түрі — «Омега 3». Оның да түрі көп. Мен арнайы апельсин дәмімен даярланған «Welness pack» омегасын ұсынар едім», — дейді ақ халатты жан. Көп ата-ана омеганы май деп санап, балаға беруге жүрексінеді. Бірақ ол тез сіңірілетін балық майы. Омеганы пайдаланған баланың миы өте белсенді жұмыс істейді. Логикасын, сабаққа деген ынтасын арттырады. Әдетте оқушылар мектепте үш-төрт сабақ өткен соң шаршап, ұйқылары келіп, сабақтың соңына дейін энергиялары азаяды. Егер бала тұрақты түрде омега қабылдаса мидағы оттегі тасымалы еркін айналып, күні бойы өзін сергек сезінеді. Оның тағы бір пайдасы 5-6 жаста түскен сүт тістерінің орнына сау, түзу, әдемі тістердің шығуын қамтамасыз етеді. Көзге де тигізер оң әсері мол. Әсіресе, онлайн сабақ оқып, күні бойы теледидар мен смартфонға үңілген балаға таңғы уақытта бір мезгіл «Омега 3» ішкізсе, жанар саулығының кепілі. Сонымен бірге қыз өсіріп отырған аналар да омега майы әйел органдарында кездесетін қатерлі ісік ауруларының алдын алатынын білгені жөн. Сондықтан бала денсаулығына кішкентайынан жіті көңіл бөлген дұрыс.

Қазіргідей вирустың кең тараған кезінде дәрігер балаларды барынша оқшау ұстауға, аса қажет болмаса бақшаға жіберуден де бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, жеміс-жидек пен дәрумендерді молынан жеп, қолды жиі жууға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *