Әлеумет Біле жүріңіз

Жетістігі көп мектеп

Көптен күткен алғашқы қоңырау да қағылды. Оқушылар сағынып қалған білім ұяларының табалдырығын қуанышпен аттады. Салтанатты жиындардың қалай өтіп жатқанын бақылау үшін Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясына бардық. Директор Бақытжан Наурызбаев карантин талаптарының қатаң сақталатынын айтты.

— Алғашқы қоңырау ашық аспан астында соғылып, оған тек бірінші сыныпқа келген балалар ғана қатысады, – деді директор. – Ата-аналар салтанатты жиынға да, сыныпқа да жіберілмейді. Әліппені сол жерде тапсырамыз. Іс-шараның жалпы ұзақтығын 40 минутқа шамалап отырмыз.

Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 242 бала аттағалы отыр. Оларды 9 сыныпқа бөлдік. Жалпы мектеп бойынша 85 сыныпта 2132 оқушы білім алатын болады.

Өткен оқу жылында 93 түлек мектеп бітіріп, 9 оқушы «Алтын белгіге» ие болып, барлығы да мемлекеттік оқу грантын ұтып алды. Бүгінде шәкірттеріміз Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында білімін жалғастыруда. 125 мұғалім түгелдей жұмысқа шықты. Оның 71 пайызы әртүрлі деңгейдегі санаттағы ұстаздар. Барлығы жаңартылған білім бағдарламасынан өткен. Мұғалімдердің орташа жүктемесі 24 сағаттан кем емес.

Жаңа оқу жылына мектептің де дайындығы жақсы. Барлық жағдай жасалған. Іштегі әжетхана әр қабатқа орналастырылды. Лифт жұмыс істеп тұр. Ендігі мақсат шәкірттерге сапалы білім беру.

Шымкент қаласында осындай жетістігі көп, ұстаздары тату мектепке көрші ауылдардан ата-аналар балаларын әкелгісі бар. Бірақ бала санының көптігі оған мүмкіндік берер емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *