Әлеумет

Бағлан Батыршаев жастарға бағыт беруде

Жастардың бойындағы күш-жігер дұрыс мақсатқа жұмсалу керек. Әсіресе бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ұйымшылдығы, өз орталарындағы береке-бірлігі беки түссе, жастар алмайтын қамал, бағындырмайтын белес жоқ.

Жуырда Ордабасы тауына жиналған аудан жастары көпке үлгі боларлықтай игі іс жасады. Бұл жөнінде аудан әкімі Бағлан Батыршаев былай дейді: «Темірланда аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен өткен сенбілікте ерікті жастарды да алдағы тазалық шараларына шақырған болатынмын. Міне, аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «ЭКО ОРДАБАСЫ» экологиялық қозғалысы Темірланнан басталған тазалық шарасын қасиетті Ордабасы тауындағы «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығында жалғастырды. Өңірдің экологиясын тазартумен қатар туризм саласын насихаттауға бағытталған жастар қозғалысы алдағы уақытта ауданның тарихи, мәдени, рухани, туристік бағыттағы орындарын қоқыстан тазартуды, жарнама жасауды көздеп отыр. Қорық аймағын тазалау барысында ерікті жастарға, экологиялық қозғалыс мүшелеріне Бадамдағы «GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу зауытымен келісім-шартқа тұрып, жұмыс істеуге шақырдым.

Еліміздегі пластикалық қалдықтардан қайта өнім шығаратын жалғыз кәсіпорын бүгінде шикізатқа мұқтаж. Бұл мәселе бойынша Бадам ауылдық округі әкіміне белсенді жастарға зауыт жұмысын таныстырып, екі жақты іскерлік қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырма бердім. Қазіргі таңда кәсіпорында тығыздалған пластмас қалдықтардың әр келісі 150-170 теңгеден қабылданып, үш сатыдан тұратын өңдеуден соң флекс өнімі шығарылуда. Зауыт орташа есеппен тәулігіне 22 тонна пластмасса өңдеуге қауқарлы».

Бағлан Дәнебекұлының жастардың бойындағы күш-қайратты байқап, оны тиімді пайдалануды қолға алғаны қуантады. Бос жүрген жас ұрлыққа, қылмысқа жақын жүреді. Осы тұрғыдан алғанда Ордабасы ауданындағы бастама жастар үшін жан-жақты тиімді болары анық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *