Әлеумет Қоғам

Бюджет қаражатына неге жанымыз ашымайды?

Күні кеше бір жиында Арыс қаласының тұрғынымен әңгімелесіп қалдым. Ол өздерінде атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, мақтанды. Қаладағы екі тепловозды көпшілік назарына қойғандарын айтты. Содан соң Қызылкөпір елді мекеніндегі ескі көпірді жөндеткелі жатқандарын тілге тиек етті. Тарихи ескерткіш ретінде сол көпірді жөндеуге қазынадан 120 миллиондай теңге қарастырылады дегенде не айтарымды білмей қалдым.

Өзге де жетістіктерді жіпке тізгендей етіп айтып жатыр. Ал мен болсам іштей «Әй осының айтып отырғаны шындыққа жанаспайтын шығар, өтірік болсыншы», – деп тіледім. Бәлкім тарихи көпірді жөндеуге қаралатын 12 миллион теңгені он есеге артық айтып, «Самарқанды су алдырып отырған шығар» деп топшыладым. Дегенмен, «шын болса ше» деген ой да мазаламай қоймады.

Әрине, тарихи нысандарға ұқыппен қарап, қисайғанын түзеп, тозғанын жаңартып отырмаса болмайды. Ондай құнды дүниелер елімізге турист тартуға да қызмет етеді. Сол себепті мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуына қарсы емеспін. Бірақ, қамқорлыққа аламыз деп қазынаның қаражатын есепсіз шашудың қажеті қанша? Ақтап, сырлау үшін осынша қомақты қаражат жұмсау керек пе? Бюджет қаражатына неге жанымыз ашымайды? Мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге де болады. Бюджет қаражатына қарап отырған басқа да қаншама маңызды әлеуметтік нысандар бар емес пе?!

С. Арыстанбеков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *