Біле жүріңіз

Семіз полицейлер керек емес

 Тай елінде семіз полицейлерді арнайы курстардан өткізу қолға алына бастады. Мұндағы мақсат — шамадан тыс артық салмақ жинаған құқық қорғау саласы мамандарының тәжірибесін жетілдіру. Құқық қорғау саласы басшыларының пікіріне қарағанда артық салмақтан құтылып, өзіне келу үшін мамандар арнайы спорттық лагерьлерге барып жүр екен. Панг Чонг лагерінде бүгінде артық салмақты 200 полицей спортпен айналысып, велосипедпен жүреді екен. Сондай-ақ, көздеген мақсаттарына қатаң диетаға отыру арқылы да қол жеткізбек.

Толық полицейлермен жұмыс жүргізу бағдарламасына жауапты сержант Чантарак семіздерге өз міндетін атқару қиынға соғатынын айтады. Себебі олар арық адамдар секілді ылдым-жылдым болмай, жай қозғалатыны белгілі. Қылмыскерді ұстауға, қылмыстың ізін суытпай ашуға ондай адамдарда мүкіндіктің аз болатыны айтпаса да түсінікті. Сержант Чантарак мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайтынын айтады. Сондықтан ол полицейлердің арасындағы өз салмағына бақылау жасай алмайтындарды таңдап алып, арықтауға көмектесуді қолға алған. Бұл бастама өз нәтижесін көрсетіп жатқанға ұқсайды. Қысқа уақыттың ішінде ондаған полицей жиырма келіден артық салмақ тастап, өздерін жеңіл сезініп қалғандарын жасырмайды.

Көрші Өзбекстанда да осыған ұқсас бастамалар қолға алына бастапты. Алатақиялы елдің президенті полицейлердің артық салмақтан арылуына үш пен алты ай аралығында мерзім берген. Осы уақытта тартылған сымдай, сыптай болмаған полицейлер қызметтерінен босатылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *