Әлеумет Басты жаңалықтар

БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында бауыр алмастыру отасы жасалды.
Бұл кезекті 24-трансплантацтялық операция. Осылайша 41 жастағы азаматтың бауыры ауыстырылды. Науқасқа өзінің бауыры донор болды.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.Ағза алмастыру отасы жасалған науқас Түркістан облысының тұрғыны. Пациент ұзақ жылдар бойы бауыр циррозынан зардап шегіп келген. Күрделі операция 13 сағатқа созылғанын айтқан мамандар қазіргі таңда ота жасалған бауырлардың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 181 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасы жасалып, барлық трансплантациялар сәтті өткен.Айта кетейік, бауыр трансплантациясы – ауру бауырды басқа біреудің сау бауырымен алмастыру операциясы. Бауырды толығымен немесе оның бір бөлігін ғана трансплантациялауға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *