Қоғам Құқық

Көлік нөмерін өзгертемін деп…

өзгенің өмірін өзгерте жаздады

Бүгінде адамнан қулық артылмай қалды ғой. Көшедегі жол қозғалысын бақылайтын камералардың көбеюі жүргізушілер тарапынан түрлі қитұрқылықтарға баруға себеп болып отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында жүрген шымкенттік жүргізуші нөмірін өзгертіп алып, «жалғанды жалпағынан басқанға» ұқсайды. Ал, айыппұлдар онымен нөмірлес шымкенттік жерлесінің атына келе берген.

Бұл оқиға туралы хабарлаған Zakon.kz сайтының жазуынша, 2018 жылдан бері өз көлігіне Астанадан айыппұлдар келе бастаған Шымкенттің тұрғыны амалсыздан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына шағым жолдаған. Осы шағым негізінде тексеру жүргізген полиция жалған көлік нөмірімен жүрген жүргізуші тіркеу нөміріндегі «F» деген әріптің төменгі жағына қара жапсырма жапсырып, оны «Е» етіп өзгертіп алғанын анықтаған. Оның көлігі уақытша коммуналдық тұраққа жеткізілген.

Өзінің айыбын өзгеге аудару арқылы жүйткіген жүргізушіге қатысты ӘҚБК-нің 590 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе жүргізуші куәлігінен бір жылға айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Иә, «заманына қарай адамы» деген осы болса керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *