Әлеумет Басты жаңалықтар

ЖАСТАР ТЕАТРЫ – ШЫМКЕНТТЕ БОЛДЫ

Астаналық Жастар театры шырайлы Шымқалада қатарынан бес күн (наурыздың 10-14 аралығы) спектакль ұсынды. Қаламыздағы өнердің қара шаңырағы Ж.Шанин атындағы академиялық театр сахнасында өнер көрсеткен Жастар театрының гастрольдік бұл сапары Шымкентке көктемнің лебімен сахна өнеріне деген қызығушылықты арттырғандай әсер сыйлады.

Театрсүйер шымкенттік көрерменге астаналық сахна саңлақтары алғашқы күні Ғ.Мүсіреповтың «Жібек» мюзиклымен шымылдық түрді.

Бұдан кейін жергілікті драматург Сая Қасымбектің «Лифт» психологиялық драмасы, Қ. Жүнісовтың «Пранк махаббат» комедиясы, Н. Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымын ұсынды. Ал бесінші күні шымкентітк көрермен У.Шекспирдің «Асауға тұсауын» көрді.

Әрине, тарихы терең шымкенттік Шанин тетары мен астаналық Жастар театрын салыстыру әбестік болар. Дегенмен, Жастар театрының әртістерінде өзіндік ойын өрнегін көрсету, көрерменді бірден баурап алу ерекшеліктерін айтпай кетуге болмас. Сахнадағы әр рөл иесі өзіндік айтар ойы, көрсетер образы басты кейіпкермен пара-пардай дәрежеде сомдай білуі қуантты. Мысалы, классикалық шығарма «Асауға тұсауды» талай театрдың қойылымында көрсек те, Жастар теарының сахналауы өзгеше. Әр әртістің өзіндік ойнау өрнегі бар.

Ал Сая Қасымбектің «Лифті» бүгінгі қоғамның жазылмас жарасын сахна төрінде сөз етуімен құнды. Тексіздер армиясын көбейюіне себепкерлер өз арамызда жүргенін жеткізген қойылымда әртістер соншалықты нанымды ойнағанынан болар көрермен әртістерге ұзақ қол шапалақтады. Шымылдық бірнеше рет жабылып барып қайта ашылып, көрерменнің қошеметін үзе алмай абдырды. Өз образдарынан шыға алмай тұрғандары спектакль аяқталса да байқалды. Шынайы ойнау, пьесаның айтар ойын бар болмысымен жеткізу деген осылай болар бәлкім.

Әрине, театрдың деңгейінің жоғары болуына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың қолтаңбасының зор екені көрініп тұр. Құрылғанына 15 жыл толған жас театрдың ә дегеннен-ақ көрермен көзайымына айналуы алар белесі биік екенін аңғартқандай.

Шымкентті сан қырлы өнерімен (драма, мюзикл, комедия) тәнті еткен театр Наурыздың 15-інен бастап Түркістанда өнер көрсетпек. Мұндай гастрольдік сапрлар көрермен үшін ғана емес, ең алдымен аймақтардағы тетар ұжымы үшін тәжірибе алмасудың, сырт көз сыншы болудың таптырмас мектебі.

Ал көрерменге салыстыру, деңгей, талғам тұрғысынан таңдау жасауына қажетті мүмкіндік. Осындай мүмкіндіктердің көп болғаны ғанибет.

Ж.ЖАЙЛАУБЕКҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *