Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

«Суға қатысты сұрағым бар»

 Сұрақ: – Мен Су арнасының Telegram чат-ботына тіркелдім. Кіріп қарасам, менің жеке шотымда үйіміздің бұрынғы иесі тіркелген. Жеке шот иесінің аты-жөнін өзгерту үшін не істеу керек?

Клара, «Қайтпас-2» шағын ауданының тұрғыны.

Жауап: – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС базасындағы үй (пәтер) иесінің аты-жөнін өзгерту үшін сізге egov.kz сайтынан меншік құқығы туралы үзінді және жеке куәлік қажет. Осыдан кейін Сіз абоненттік бөлімге хабарласасыз (мекен-жайы: Шымкент қаласы, Орманов көшесі, 17 үй). Құжаттар ұсынылғаннан кейін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған жаңа шартқа өзгерістер енгізіледі және қол қойылады.

Сұрақ: – Мен өз үйімнің су ақысын төлейтін жеке шотты білмейді екенмін. Әлде жеке шот қайсысы екенін аңғармай жүрмін бе? Оны қалай білуге болады?

Жанна, «Нұрсәт» шағын ауданының тұрғыны.

Жауап: – Сіз өзіңіздің сумен жабдықтау және су бұру қызметтері туралы жеке шотыңызды, тұтынылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтері туралы хабарлама шотынан (жеке шот 4-5-6 саннан тұрады) немесе учаскеңізде қызмет атқаратын диллер арқылы біле аласыз. Сонымен бірге, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не +77057581111 whatsapp нөміріне хабарласуға немесе Instagram-дағы vrmshymkent2018 сілтемесі бойынша жазуға болады. Нақты мекенжайды (шағын аудан, көше, үй нөмірі) және жылжымайтын мүлік иесінің ТАӘ көрсету қажет.

Сұрақ: – Біз Қарабастау  ауылында тұрамыз. Ауыз суды пайдаланғанымыз үшін бұрын Сайрам ауданының су арнасына төлейтінбіз. Қазір біздің ауыл Шымкент қаласының аумағына өткен. Су өлшеуіш құралын  тексеру және ауыстыру, тиісті құжаттарды дайындау кімнің есебінен жүргізілуі тиіс?

Киікбай, Қарабастау ауылының тұрғыны.

Жауап: – Осы ауылдан 140-қа жуық тұтынушы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызмет көрсету аймағына көшті. Тұтынушыларға  ыңғайлы болу үшін дереу дербес шоттар берілді. Жақын арада олармен ауыз су беру қызметтеріне келісім-шарттар жасалатын болады. Бұл жұмысты «Танташев» ЖК дилерлік учаскесінің инспектор-бақылаушылары жүргізеді.

Су өлшеуіш құралын тексеру немесе ауыстыру қажет болған жағдайда тұтынушыларға тиісті хабарламалар жіберілетін болады. Бұл құралды тексеру немесе ауыстыру тұтынушының есебінен жүргізіледі. Өйткені ол үй иесінің меншігі болып табылады. Су өлшеуіш құралын тексерумен және ауыстырумен, қызметтің осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындар айналысады. Осындай кәсіпорындардың бірі – «Водомер» ЖШС. Рәсімдердің құны туралы кеңес алу үшін 8 (7252)373-362, 375-457; +77711472408; +77753266302; +77475860954 телефондарына хабарласуларыңызға болады.

Басқа да сұрақтар бойынша дилерлік учаскенің +77014425075 телефонына қоңырау шалуға, +77057581111 «whatsapp» арқылы жазуға, сондай-ақ, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы жүгінуге болады.

Сұрақтарға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Ринат ХАМИДУЛЛИН жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *