Әлеумет Қоғам

Ұлттық ұлан жауынгерлері жекпе-жекке шықты


Шымкенттегі Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы спорт кешенінде 7 – 9 сәуір аралығында Ұлттық ұлан жауынгерлері арасында  жекпе-жек сайысы өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1993 жылдан 1998 жылға дейін Ішкі әскердің жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің екі мыңнан аса сарбазы мен офицері Қазақстан Республикасы жеке атқыштар құрама батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік тапсырмаларды орындады. 1995 жылдың 7 сәуірі Ішкі әскер сарбаздары үшін қаралы күн болды.

Осыдан 27 жыл бұрын, 1995 жылы 7 сәуірде Пшихавр шатқалындағы Пяндж өзенінің бойында Ішкі әскердің ротасына Ауғанстан жағынан моджахедтер шабуыл жасап, 17 сарбаз қаза тауып, 33 адам жараланды. Осы қанды шайқаста Ішкі әскер жауынгерлері жанқиярлық пен қаһармандық көрсетіп, әскери борышын өтеу жолында өмірлерін қиды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 17 сарбаздың бесеуіне ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, он екісіне «Жауынгерлік ерлігі үшін»  медалі қаза болған соң берілді. Олардың барлығына Ресейдің «За отличие в службе» медалі қаза болған соң берілді.

Тәжік халқына көрсеткен көмегі үшін қазақстандық жауынгерлерге құрмет ретінде Душанбеде монумент тұрғызылды. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «Отан-Ана» монументі қасынан Ішкі әскердің 17 сарбазына арналған аллея ашылып, ескерткіш бағана орнатылған, сонымен қатар Шымкент, Петропавл және басқа да қалаларда батырларға ескерткіш қойылған.

Ішкі әскердің қазіргі мұрагері – Қазақстанның Ұлттық ұланы өзінің батырларын ешқашан ұмытпайды.Ұлттық ұлан жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша 7 сәуірде «Ерлік күнін» атап өтеді. Сондай-ақ, қаза болған сарбаздар құрметіне жыл сайынғы дәстүр бойынша ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қолдауымен республикалық жекпе-жек сайысы ұйымдастырылып тұрады. Биылғы сайыс Шымкент қаласында өтеді.

6 сәуір:  6506 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонында барлық команда басшылары өздерінің спортшыларын төреші құрамына ұсынып, салмақтары өлшенеді.

7 сәуір: жарыстың ашылу салтанаты 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында басталып, бөлім аумағындағы 17 жауынгерге қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен жалғасады.

  • Жекпе-жек сайысына Ұлттық ұланның барлық құрама командалары – «Оңтүстік», «Орталық», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары, 5573 әскери бөлімі және ҚР Ұлттық ұлан академиясының құрама командаларының ең үздік спортшылары қатысады, солардың арасынан үздік өнер көрсеткендері Ұлттық ұланның спорт командасына өтуге мүмкіндік алады, дейді жарыстың бас төрешісі  полковник Сатжан Абишев.

Қатысушалар 57 келіден бастап, 97 келі салмаққа дейін жиналған. Жарыстың өзгешелігі сол – әр спортшы өзінің салмағындағы әрбір спортшымен белдесіп, жауырыны жерге аз түскен спортшы жеңіске жетеді.

Жарыстың салтанатты жабылу сәті мен үздіктерді марапаттау бүгін анықталады.

ҚР Ұлттық ұланы  6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *