Әлеумет Біле жүріңіз Құқық Мәселе

Еңбек Кодексіне сәйкес…

С
          Сұрақ:Мен бір жылдан бері декреттік демалысқа шыққан қызметкердің орнына уақытша қызмет атқарудамын. Ол адам қайтадан жұмысқа шығып, екі-үш ай жұмыс істеп, тағы да жүктілігі бойынша еңбек демалысын алғысы келеді. Осы кезде жұмыс беруші мені бір ай бұрын жұмыстан босауым туралы ескерту міндетті ме?

Жауап: — Еңбек Кодексіне сәйкес белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан босатылу туралы бір ай бұрын хабардар ету міндетті екендігі еңбек заңнамасында қарастырылмаған.

Сұрақ: – «Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін төленетін қосымша ақы бюджет қаржысы үнемделген жағдайда жыл соңында төленеді» — деген түсінік дұрыс па? (қосымша ақы төлеу жөнінде бұйрық шыққан).

Жауап: — Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес (Еңбек кодексінің 111-бабы) сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын, не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:

1. Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

2. Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде осындай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту;

3. Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.

Сұрақтарға Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының Еңбек қатынастарын реттеу бөлімінің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Нұргелді Дүйсенбаев жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *