Әлеумет Басты жаңалықтар Құқық Мәселе

 «Таудан» құлап кетті


Шымкенттегі «Жайлау көл» ойын-сауық демалыс аймағындағы аттракциондардың бірінен сәуірдің 10-ы күні 20 жастағы жігіт құлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға сол жердегі «тауға өрмелеу» аттракционында орын алған. Зардап шеккен жігіт қазір ауруханада жатыр. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ол әлі комада, жағдайы ауыр.

«Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғаны анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Ал, Шымкент қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. «2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *