Әлеумет Біле жүріңіз Мәселе

Жұмыс орнында жарақат алсам…

  • С
  • Сұрақ: – Спортшымын, әрі бапкер болып қызмет атқарамын. Егер мен жаттығуда немесе жарыс кезінде жарақат алсам оған өтемақы төленуі керек емес пе? Соның мән-жайын түсіндіріп берсеңіздер…

Жауап: – Сіз өзіңіздің еңбек міндеттеріңізді орындау барысында жарақат алсаңыз, мейлі ол жаттығу кезінде немесе жарыс кезінде болсын, ол еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынады және тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тергеп-тексеру қорытындысы негізінде Сіздің еңбек міндеттеріңізді орындауыңыз барысында өміріңізге немесе денсаулығыңызға зиян келтірілгені анықталса, онда жұмыс беруші зиянды ҚР заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге, яғни өтемақы төлемдерін төлеуге міндетті.

Сұрақ: – Жұмысшы жұмыс орнында денсаулығы нашарлап, салдарынан жұмыс орнында қайтыс болған жағдайда бұл оқиға жұмыспен қатысты болып табылады ма?

Жауап: – Оны бірден нақты айту қиын. Себебі, орын алған жазатайым оқиғаның себептерін анықтап, «жұмыспен байланысты» немесе «байланысты емес» деген шешімнің біреуін қабылдау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Болған жағдайдың «жұмыспен байланысты» немесе «байланысты емес» екендігі арнайы комиссия жүргізген тексеру қорытындысымен анықталады.

Сұрақтарға Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Әлжан Мамадалиев жауап берді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *