Басты жаңалықтар Қоғам

Ата-әжемнің ерлігі…

Мен қызмет ететін бөлімде төрден орын алды

Шымкент қаласына қарасты Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Өткізілу барысына әскери бөлімнің ардагерлері, Шымкент қаласының қоғамдық бірлестіктерінің адамдары және бөлім жеке құрамы қатысты. Аталмыш мереке қарсаңында жиырмадан астам әскери қызметшіге 1және 2-ші дәрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», он адамға «Құқықтық тәртіпті сақтағаны үшін» он бестен астам ардагерлер құрамына «ҚР құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл» және жиырмадан астам әскери қызметші бөлім командирінің грамоталарымен марапатталды.

Іс-шараның өткен жылдардағыға қарағандағы өзгешелігі, биылғы жылы Ұлттық ұланы басқолбашылығының бастауымен әскери бөлімдерде іс-шара » Батырларға тағзым» акциясына қаратып, сапта тұрған әскери қызметшілерге «Ұлы Отан соғысына» қатысқасқан туысқандарының суретін үлгі етіп ұстауға мүмкіндік берілді.

Бүгін атамның суретін қолыма ұстап барша қаруластарыма, командирлеріме үлгі етіп көрсеттім. Атама ұқсап ерлікпен қаза тапқандар өте көп, олардың ерлігін, есімін біз мәңгі ұмытпауымыз керек, деді бөлімнің сарбазы қатардағы Нұржас Ұзақбаев.

Іс-шара барысында жеңіс күнінің әндері шырқалып, соңы батырлар құрметіне саптық шерумен өтумен аяқталды.

6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *