Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

«Шипа судың» кереметі көп

Былтыр Наурыз мерекесінде Шымкенттегі туыстарға барғанда көкем «Орынша, мынау Түркістан қаласында орналасқан «Шипа су»  шипажайының суы. Суды күнделікті таңертең аш қарынға 38 градуста жылытып ішіп көрші» деп 5 литрлік ыдыстағы суды берді. Бір аптаға жуық күнделікті бір кесе ішкенде адам ағзасына пайдалы екендігін байқап,  нәтижесін көрген соң, газет оқырмандарына, әлеуметтік желі қолданушыларына септігі тиер деген мақсатта Түркістанға арнайы келіп, шипажай директоры Динара Ахметоваға жолықтым.

– Шипажай Түркістан қаласы 157 орам №37 үйде, өте қолайлы жерде орналасқан. Шипажайдан 60 шақырым жерде Арыстанбаб, 50 шақырым жерде Укаша ата, 1 шақырым қашықтықта Гаухар Ана (А.Ясауидің қызы) және 5 шақырым жерде А.Ясауи кесенесі бар. Шипажайымызға келушілерді осы қасиетті жерлерді аралату үшін аптасына 1 рет туристік сапарлар ұйымдастырылады, — дейді Динара Ахметова.

Директордың берген мәліметіне сенсек, минералды су көзі 1330 метр тереңдікте жатыр екен. Жер асты суы 1967 жылы табылған болса, «Шипа су» шипажайы жұмысын 1969 жылы бастаған. Қазіргі таңда 120 адамға арналған 4 қабатты тұрғын және минералды су процедураларын жүргізуге арналған 3 ғимарат жұмыс істейді. Шипажай аумағында балалар мен ересектерге арналған ашық бассейн бар. Барлық ауданы көгалдандырылып, ауа тазалығын қамтамасыз ететін ағаштар егілген. Демалушыларға білікті дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер қалтқысыз қызмет көрсетеді.

Ем іздеп келгендерге 4 реттік тамақтану, минералды су қабылдау, асқазанды, өт қабын тазарту, клизма, ваннаға түсіру, циркулярлы душ, көтерме душ, парафин, жарықты ванна, гинекология, вибромассаж, электорфорез, мавит, УВЧ, дарсональды массаж секілді қызмет түрлері ұсынылады. Минералды су ішкі тұтыну үшін де, сыртқы тұтыну үшін де емдік мақсатта қолданылады. Оның құрамында адам ағзасына қажетті натрий, иод, магний, кальций, хлор, сульфат, гидрокарбонат, нитрат бар.

Шипажайға негізінен асқазандағы созылмалы аурулары бар, бауыр, өт қабы, бүйрек (цистит, простатит және т.б), зат алмасу, нерв жүйесі бұзылған, зоб, қант диабеті, сіңірлер ауруы, гайморит, геморрой, аллергиялық аурулары бар адамдар жиі келеді екен. Стандартты және делюкс, люкс нөмірлер бар. Бір адамдық стандартты нөмірдің бағасы күніне 12500 теңге, ал екі адамдық болса күніне 25 000 теңге. Делюкс бір адамдық күніне 14000, екі адамдық күніне 28000 мың теңге. Люкс бір адамдық күніне 17500 теңге. Бір ескеретін жайт, мұнда 5 жасқа дейінгі балаларға орын берілмейді. Сонымен қатар, клиент алдын ала алынған жолдаманы пайдаланудан, яғни демалудан бас тартатын болса, брондаудан бас тарту келгенге дейін 7 күн бұрын жасалады. Қалған жағдайда жолдама құнының 30 пайызы шегеріледі.

«Шипа  судың» емдік қасиетін біліп, сонау Атырау, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Шымкент, Павлодар, Алматыдан келіп, ем алушылар көп. Тіпті, өткен жылы Германия мен Ресейден демалушылардың келгенін естігенде бір жағынан қуансам, екінші жағынан таяу жерде тұрып, қасиетті судың қадірін білмейтіндігімізге іштей ұялдым.

Орынша Қалшабекова,

Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *